ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы депаратмент қызметкерлеріне семинар өтті.
Семинарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Н. Султанов пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің өкілі Н. Базарбек қатысты.
Семинарды департамент басшысының орынбасары және әдеп жөнінде уәкілі Б.Азим ашып, әрбір мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлықпен күресуге міндетті екенін атап өтті.
Н. Султанов — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңды сақтау жөнінде баяндама оқыды.
Н. Базарбек — іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан және ойын құмарлық әрекеттерден тартыну мәселелерін атап өтті.
Жиналыс соңында департамент басшысының орынбасары Б. Азим сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңыздылығы
мен оны алдын алу шараларын күшейту жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы семинар өтті

Comments