Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Түркістанда 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, «Рәміздер алаңында» тұғырлы көк байрағымыз көкке көтеріліп, Әнұран шырқалған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік орган басшылары, зиялы қауым, белгілі спортшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

– 1992 жылы Мемлекеттік рәміздер бекітіліп, 4 маусым – айтулы күндер қатарына қосылды. Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – халқымыздың бойтұмарына айналды. Көк байрақ – айбарымыз, Елтаңба – елдігіміздің арқауы! Біздің қастерлі рәміздерімізді әлем мойындайды және құрметтейді. Біз – мұны зор мақтанышпен айта аламыз. Қазақстан мемлекетін құру, тәуелсіз елдің азаматы болу – тағдыр сыйлаған ұлы бақыт. Тәуелсіздікті сақтау – оның Рәміздерін құрметтеуден басталады. Әнұран, Ту және Елтаңба – барлық қазақстандықтардың мақтанышы, отаншылдықтың нышаны. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі міндеті! Бұл ретте жас ұрпақтың бойына оның маңызын түсіндіре білуіміз керек. Түркістан облысында да бұл бағытта тиісті жұмыстар жүруде. Әрбір отандасымыз Әнұранды шырқап, Көк туды қадірлесе – жарқын болашаққа жол ашылады. Көк байрағымыз биікте желбіресін, Тәуелсіз Қазақ елі жасай берсін! – деді Нұралхан Көшеров.

Шара барысында облыс өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мемлекеттік туды көтеру кезінде «Jana Lep» шығармашылық ұжымы мен мектеп оқушылары Мемлекеттік Әнұранды бір мезгілде орындады. Бұдан бөлек, патриоттық әуендер шырқалып, жігерлі жастарымыз өнерлерімен көпті тамсандырды.

Айта кетейік, облыста 26 Рәміздер алаңы мен ту тұғырлары бар. Биыл Мақтаарал мен Сауран аудандарында Рәміздер алаңын салынады деп жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

“МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ТУЫМ” акциясы

Алдыңғы

ЕҢБЕК ПЕН ШЕБЕРЛІККЕ АРНАЛҒАН «SHYMKENT USTA FEST» ФЕСТИВАЛІ МЕН ОРКЕСТРЛЕР ШЕРУІ ӨТЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *