Жастар саясатыҚоғам

Шымкентте 200-ге жуық маман біліктілігін арттырды

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС және Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасының бірлесуімен мемлекеттік және бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне арналған тегін оқыту семинары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік органдар мен оларға бағынысты мекемелердің сатып алуға жауапты мамандарының біліктілігін арттыру және OMarket.kz электрондық дүкенінің жаңа мүмкіндіктерін түсіндіру, сондай-ақ порталмен жұмыс істеу барысында туындаған мәселелерге кері байланыс алу болды.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен түсіндірмелер мен OMarket.kz электрондық дүкенінің жаңа функционалдары мен тиімді қолдану тәсілдері туралы тақырыпта өткен оқыту семинарының маңызы ерекше. Сондықтан іс-шараға 200-ге жуық адам, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектордың және түрлі бағынысты мекемелердің өкілдері қатысты. Спикерлер ретінде мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама авторларының бірі – бизнес-тренер және OMarket.kz жобасының жетекшісі, портал әзірлеушісі сөз сөйледі.
Семинар барысында сатып алу процестерінің жеңілдетілгені, заңнамадағы соңғы өзгерістер, атап айтқанда, биылдан бастап күшіне енген жаңа редакциядағы заңның ерекшеліктері түсіндірілді. Бұрынғыдай ұзаққа созылатын конкурстардың орнына қазір РВС жүйесіне көшу арқылы сатып алу процестері жеделдетіліп, еңбек сақтау мерзімдері қысқартылған. Шағымдарды қарау тетігі де оңтайландырылған, енді бұл тікелей ұйымдастырушы тарапынан жүзеге асырылады.
Порталдың басты ерекшелігі – оның ашықтығы мен жеделдігі. Спикерлердің айтуынша, портал арқылы қажетті тауарды таңдап, екі жұмыс күні ішінде келісімшарт жасауға болады. Сонымен қатар, техникалық ерекшеліктер портал жүйесіне автоматты түрде енгізіліп, өнімді қазақ және орыс тілдерінде сипаттау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл – адам қатесін азайтып, процестің ашықтығын қамтамасыз етеді.
OMarket.kz порталы тек электрондық дүкен емес, толыққанды электрондық сауда алаңы ретінде жұмыс істеп отыр. Бүгінде бұл платформада 18 500-ден астам тапсырыс беруші және 75 000-нан астам өнім беруші тіркелген, – деді порталдың бизнес-аналитигі Салтанат Нұрланқызы. Оның айтуынша, OMarket.kz алғаш рет 2020 жылы пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Ал 2022 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу тәсілі ретінде ресми қолданылып келеді. Биылдан бастап портал заңнама аясында электрондық сауда алаңы ретінде қайта құрылып, кеңейтілген функциялармен толыққан.
Семинар ашық пікір алмасу, тәжірибе бөлісу және заңнамалық өзгерістерді практикалық тұрғыдан түсіндіру алаңына айналды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бұл іс-шара бюджет есебінен емес, жеке сектор демеушілігімен, яғни коммерциялық ұйымдардың қолдауымен өткізілген.
Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Құдайбергенов семинар барысында өңірдегі сатып алу саласында жүйелі өзгерістер болып жатқанын атап өтті. «Бүгінгі семинар – тапсырыс берушілерге заңнамадағы өзгерістерді дұрыс түсініп, тиімді жұмыс істеуге арналған жақсы мүмкіндік. OMarket.kz сияқты платформалар сатып алу саласының ашықтығын, сапалылығын және жеделдігін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарып жатыр», – деді ол.
Жадыра МҮСІЛІМ,«Шымкент келбеті»

ШЫМКЕНТ: АЛҒАШҚЫ ТОҚСАНДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ 17,9 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Алдыңғы

Парадқа қатысушыларды салтанатты қарсы алды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *