Жаңалықтар

АҒАШ КӨШЕТТЕРІН ОТЫРҒЫЗДЫ

Бүгін қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Шымкент қаласында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өңірлік жоспар мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Бірлік – береке бастауы» экологиялық іс-шарасын ұйымдастырып, өткізді.

Қалалық этномәдени бірлестіктер және қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар мен «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері Сайрам көшесі бойында өткен экологиялық акция барысында 100-ге жуық ағаш көшетін отырғызды.

Акцияның негізгі мақсаты – қоғам назарын табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру сынды өзекті мәселелерге аудару, сондай-ақ қоғамдық келісім мен бірлік құндылықтарын кеңінен дәріптеу.

Қоғамдық келісім баспасөз қызметі

#ҚХА30жыл #АНК30лет

ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ЕЛДІК МӘСЕЛЕЛЕРДІ КӨТЕРЕТІН ПЛАТФОРМАҒА АЙНАЛДЫ

Алдыңғы

ШҰҒЫЛ ШТАБТЫҢ ТӘУЛІК БОЙҒЫ ЖҰМЫСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *