Жаңалықтар

Үздік үкіметтік емес ұйым

2025 жылдың ақпан айында Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай Жетісу облысында әлеуметтік және қоғамдық салаға белсенді үлес қосқан тұлғаларды марапаттау рәсімі өтті. Бұл күннің аясында Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының «Іскер Әйелдер Кеңесі» төрайымы Седова Людмила Владимирқызы облыс және аудан көлемінде «Үздік ұйым» ретінде жоғары марапатқа ие болды.

Седова Людмила Владимирқызының жетекшілігіндегі «Іскер Әйелдер Кеңесі» аймақтағы әйел кәсіпкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, кәсіпкерлік салада оларды қолдау және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағытында белсенді жұмыс атқарып келеді. Кеңес мүшелері, сондай-ақ әйелдердің бизнесте алатын орнын нығайту үшін түрлі семинарлар мен тренингтер өткізіп, ауданымыздағы көптеген әлеуметтік бастамаларға қолдау көрсетуде.

Жетісу облысында қоғамдық ұйымдар арасында жоғары бағаланған Седова Людмила Владимирқызының осы салаға оның қосқан еңбегінің маңызды әрі көрнекті екендігін дәлелдейді. Бұл марапат – оның қайсарлығы мен жанқиярлығының, сондай-ақ қоғамға деген шынайы адалдығының айқын көрінісі.

Марапаттау рәсіміне облыс және аудан әкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық ұйымдардың басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Марапат алған Седова Людмила Владимирқызы өз сөзінде: «Бұл марапат тек менің жеке еңбегімнің емес, менің тікелей жетекшілігіммен жұмыс істеген барлық ұйым мүшелерінің үлкен жетістігі. Біз алдағы уақытта да әйел кәсіпкерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға және қоғам игілігі үшін жұмыс істеуге тырысамыз», — деп атап өтті.

Марапаттау рәсіміне қатысқан Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Төлегенов Мержан Советханұлы өз сөзінде: Седова Людмила Владимирқызы басқарған «Іскер Әйелдер Кеңесі» аймақтық кәсіпкерлікті дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Олардың жұмысы тек кәсіпкерлердің емес, тұтас қоғамның дамуына бағытталған, — деп атап өтті.

Бұл марапат Седова Людмила Владимирқызының қоғамдық қызметінің маңызды кезеңі болып табылады және оған жаңа жетістіктер мен биік мақсаттарға жетуге мотивация береді.

Қобланды АБЕНОВ

ТҮРКІСТАН: РАМАЗАН АЙЫНДА БАТА БЕРУ ЖӘНЕ ЖАРАМАЗАН АЙТУДАН ЖАРЫС ӨТЕДІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *