Жаңалықтар

Мақсатымыз – кәсіпкерлердің мәселелерін шешу және оларды қолдау

Бүгін біз Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Қаратал ауданы филиалының директоры Төлегенов Мержан Советханұлымен сұхбаттасып, өңірдегі кәсіпкерлік ахуал, қолдау шаралары және кәсіпкерлердің маңызды мәселелері туралы әңгімелестік.

Сұрақ:

Мержан мырза, сіздің қызметіңізге байланысты алғашқы сұрағымды Қаратал ауданындағы кәсіпкерлік ахуал туралы қойғым келеді. Қазіргі жағдай қалай?

Мержан Советханұлы:

— Әрине, кәсіпкерліктің дамуы өте маңызды мәселе. Қазіргі таңда Қаратал ауданының кәсіпкерлік саласы белсенді түрде дамып келеді. Өздеріңіз де естіп жатқан боларсыздар жыл сайын ел көлемінде кәсіпкерлікті қолдауға жаңа бастамалар мен жобалар қолға алынуда. Ал аудандағы кәсіпкерлік саласы күннен-күнге артқан сайын жаңа мүмкіндіктер мен шешімдерді талап ететіні сөзсіз.

Сұрақ:

Осы салада кездесетін негізгі мәселелер қандай? Қаратал ауданының кәсіпкерлері қандай қиындықтарға тап болуда?

Мержан Советханұлы:

— Кәсіпкерлердің ең басты қиындықтарының бірі – салық салу мен жер мәселелері. Бұл кәсіпкерлердің жұмысына үлкен кедергі келтіреді. Сонымен қатар, кейбір бизнесмендер кәсіпкерлерге қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарламаларды толық түсінбейтіндігін айтып отыр. Сондықтан біз әрбір кәсіпкердің қажетіне қарай кеңес беріп, олардың құқығын қорғау үшін жұмыс істеудеміз.

Сұрақ:

Кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсету шаралары бар? Сіздердің тараптарыңыздан қандай көмектер көрсетіледі?

Мержан Советханұлы:

— Қазір кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар көп. Біз өз тарапымыздан кәсіпкерлерге заңды кеңестер, салықтық мәселелер, сондай-ақ бизнесін дамыту үшін қажетті оқыту курстарды ұйымдастырып, басқада курстарға бағыттаймыз. Кәсіпкерліктің тиімділігі үшін әрдайым бизнес иелеріне қосымша тиімді ақпараттар ұсынып, туындаған сұрақтарына жауап береміз.

Сұрақ:

Алдағы уақытта қандай жоспарларыңыз бар? Кәсіпкерлерге қандай жаңа мүмкіндіктер ұсынбақшысыздар?

Мержан Советханұлы:

— Алдағы уақытта өңірдегі кәсіпкерлерге ең қажетті «Ауыл аманаты», «Кең дала», «АгроБизнес» сияқты жеңілдетілген несиелеу шаралары және екінші деңгейлі банктердің бизнес үшін қолайлы бағдарламаларынан ақпараттар ұсынып, құқықтарын керекті семинарлар ұйымдастыру.

Сұрақ:

Соңғы сұрақ. Қаратал ауданының кәсіпкерлік саласын дамыту үшін сіздердің ең маңызды мақсатыңыз қандай?

Мержан Советханұлы:

— Менің басты мақсатым – кәсіпкерліктің барлық бағыттарын дамыту және кәсіпкерлерге ең қолайлы жағдай жасау. Біздің міндетіміз – кәсіпкерлердің қиындықтарын шешіп, олардың бизнесін кеңейту үшін мүмкіндіктерді арттыру. Аудандағы бизнес-ахуалды жақсартып, елдің дамуына өз үлесімізді қосу.

Сұрақ:

— Кәсіпкерлердің табысты болуына тілектеспіз. Сіздің тілегіңіз?

Мержан Советханұлы:

— Кәсіпкерлеріміздің табысты әрі бақытты болуын тілеймін. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге және оларды қолдауға бағытталған барынша тиімді әрі қолжетімді қызмет көрсету. Біз бірлесіп, Қаратал ауданын одан әрі дамытып, кәсіпкерлікті дамытуда үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенемін.

Сұхбат үшін рахмет, Мержан. Сізге алдағы уақытта табысты жұмыс тілеймін!

Қобланды АБЕНОВ 

ХАБАРЛАНДЫРУ! Түркістан облысының тұрғындарының назарына!

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 7 МЫҢНАН АСА АРДАГЕР ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНА ЖОЛДАМА АЛҒАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *