ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдегі инфрақұрылым саласына баса мән берілген болатын. Берілген тапсырмаларға сәйкес, Түркістан облысында да 2024 жылы ауқымды істер атқарылды. Атап айтар болсақ, өңірде жалпы 2 млн. 97 мың адам немесе халықтың 97,9%-ы ауыз сумен қамтылған. Биыл қосымша 30 елді мекен жаңадан ауыз су құбырына қосылып, 13 елді мекеннің тозған су жүйелері жаңартылады. Нәтижесінде халықты ауыз сумен қамту деңгейі 98,6%-ға жетеді. Сондай-ақ, екі жылда 187 мың тұрғын табиғи газға қосылды. Нәтижесінде, газбен қамтылған халықтың жалпы саны 1 млн 820 мыңға немесе 84,9%-ға жетеді.
Сонымен қатар, биыл 1161 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 560 шақырым пайдалануға беріліп, жолдардың нормативті үлесі 94%-ға жеткізіледі.
Құрылғанына 90 жыл болған (1934 жылы) Кентаудағы жылу орталығы 85 пайызға тозған. Осыған орай, орталықты қайта жанғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. 6 қазандыққа қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, бүгінгі таңда 4 қазандыққа қайта құру жұмыстары толық аяқталып, штаттық режимде жұмыс істеуде. 2 қазандықта қайта құру жұмыстарын аяқтауды жоспарлануда. Бұдан бөлек, 2 қазандық ағымдағы жөндеуден өтті. 6,6 шақырым магистралды жылу құбыры қайта жаңартылды. Қазіргі уақытта жылу желілеріндегі температура белгіленген нормативтен де жоғары берілуде.
Comments