Жаңалықтар

«Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ өкілдері Energy Intelligence Forum 2024 көрмесінде сөз сөйледі

2024 жылғы 27 қараша, Астана қ., Қазақстан

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдері 25-27 қараша аралығында Лондонда өткен Energy Intelligence Forum 2024 халықаралық форумына қатысты.

Energy Intelligence Forum – энергетика саласының көшбасшылары, мемлекеттік органдар мен түрлі елдердің инновациялық компанияларының өкілдері арасындағы басты диалогтық алаңдардың бірі. Форум геосаясат, энергетикалық ауысу, тұрақты даму және нарықтық тұрақсыздық сияқты негізгі сын-қатерлерді талқылауға бағытталған.

Биыл форум аясында энергетика саласындағы жасанды интеллекттің рөлі, көпполярлы әлем жағдайында климаттық мақсаттар мен стратегияларға қол жеткізу сияқты өзекті тақырыптар қарастырылды.

Қазатомөнеркәсіптің Стратегия және халықаралық даму жөніндегі бас директоры Дастан Көшербаев Leadership Dialogue сессиясы аясында сөз сөйледі. Өз сөзінде ол уран нарығы мен ядролық отын цикліне шолу жасады, компанияның стратегиясы, өндіріс және сату көлемі, уран өндіру әдісі (жерасты ұңғымалы шаймалау) және логистика мен жеткізу тізбегі туралы айтты. Сонымен қатар, Дастан Көшербаев компанияның 2025 жылға арналған жоспарларын баяндады.

 

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАРЛЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ АСХАНАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *