Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында Конституция күніне орай Бекзат тұрғын алабында қала тұрғындарының ұсынысына сай жаңа саябақ ашылды. Саябақтың ашылу салтанатына қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, зиялы қауым өкілдері мен қалалық мәслихат депутаттары қатысып, Бекзат секторы тұрғындарының қуанышына ортақтасты.

Жалпы аумағы 3 гектарды құрайтын саябақта тұрғындар мен қала қонақтарының тынығуына қолайлы жағдай жасалған. 24 мың шарты метр аумақ көгалдандырылып, 3500 ағаш отырғызылған.

Аумақта балаларға арналған ойын алаңшасы мен воркаут алаңы орнатылған. Мерекелік кештерді өткізуге арналған сахна да қарастырылған, келушілер үшін 1200 шаршы метрді құрайтын автотұрағы да бар. Одан бөлек, 20 орындық пен 20 қоқыс жәшігі орнатылып, аяқ жол тақтайшалары төселген. Арнайы транформатор орнатылып, саябақ толық қоршалған. Жауапты мердігер мекеме саябаққа 2 жылдық кепілдеме береді. Кепілдеменің негізінде көгалдандыру жұмыстарын өз есебінен жүргізіп отырады.

Жалпы, қала әкімі Бекзат секторы тұрғындарымен кездесуінде көтерілген 50 мәселенің барлығы орындалды. Бүгін жаңадан ашылған саябақ — шешімін тапқан мәселелердің бірі. Сондай-ақ, қазіргі таңда тұрғындар өтінішіне сәйкес Бекзат аллеясына жөндеу жұмыстары, Жандосов көшесінің бойына әсемдік қоршау жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан қаласында 318 гектарды құрайтын 32 саябақ бар. Ал, жалпы қолданыстағы күтіп-баптау аймағында жасыл-желекті 288 нысан бар. Олардың 75-і гүлзар мен аллеялар.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: СУ АЙДЫНДАРЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАУ КЕРЕК

Алдыңғы

Түркияның ең әдемі тіршілігі баяу қалалары: Cittaslow

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *