ЖаңалықтарМәдениетРуханият

ОРДАБАСЫДА ТАҒЫЛЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

 

Биыл Ордабасы ауданына 60 жыл толып отыр. Оған əрбір ордабасылық тұрғын өз мүмкіндігінше еңбекпен де, өнерімен де ойдағыдай өтуіне үлес қосуда. Жақында, 16-тамызда республикалық «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігі Ордабасы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ақ кимешек — аналардың ақ тəжі» тақырыбында ауқымды іс-шара өтті. Оған республикалық «Қазақ аналары — дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Жүгінісова бастаған бір топ аналар қатысты. «Қазақ аналары-дəстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі қазақ аналарын бір жерге ұйыстырып, жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтарымыздың, салт-дəстүріміздің жоғалып кетпеуі жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізіп келе жатқан ұйым. Меймандар біртуар палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың кесенесіне барып, зиярат етті.

Аудандағы Темірлан, Бөген, Бөржар, Шұбарсу, Қараспан ауылдарындағы осы филиал мүшелері белсене қатысып, олар шашбау тағу, бесікке салу, көршілермен дұрыс қарым-қатынас жасау, абысын-ажындардың тату тұруы сияқты қазақтың түрлі ұлттық құндылықтарын көпшілікке көрсетті.

Сондай-ақ түрлі қолөнершілер жасаған бұйымдар да көпшілікке ұсынылды. Əншілер Мəнзура Есетова Сандуғаш Əбілдаева əн шырқаса, ақындар Роза Сейдахметова, Бибайым өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Айнұр Жүгінісова үш жылдан бері тынбай қазақ халқының ұлттық салт-дəстүрін насихаттап үш жылдан бері насихаттап келе жатқан аудандық филиал төрайымдарына дипломдармен, сыйлықтармен марапаттады. Ал оларды ұйымдастырып жүрген Ордабасы ауданының төрайымы Ұлбосын Əбілдаеваның кеудесіне алтын медальді жарқырата тақты.

Ордабасылық Ботакөз Мосқалова осы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрайымы болып сайланды.

Істеріңізге әрқашан абырой мен сәттілік тілейміз.

Базаркүл ҚАЛБЫР,

журналист

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасын іске асырудың 5 айындағы қазақстандықтардың нысаналы жинақтарды пайдалануы

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: СҰҢҚАР ТЕКТЕС ҚҰСТАРДЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАН АЗАМАТТАР 700 АЕК КӨЛЕМІНДЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *