Жаңалықтар

КӨБЕЛЕКТІҢ ӘСЕРІ 

Кәсіпкерлік және Бизнес негіздері деген мектеп пәнінде «Көбелектің Әсері» деген командалық ойын бар. Ойында әр команда мүшесі сыни және ауқымды ойлана отырып, уақыт кеңістігінде еліміздің өткен, қазіргі, келер кезеңдеріне ойша қиялмен саяхаттайды.

Әр тарихи кезеңнің конъюнктурасын ескере отырып егер біз сол уақытқа өте алсақ, ол заманда өмір сүру үшін бізге қандай ресурс қажет және апарған ресурсымызбен не өзгерте алар едік деген сұраққа жауапта іздейді. Сонымен қатар ойын барысында қатысушылар заман мен мекен контекстінің өзгеруіне байланысты үйреншікті заттардың құндылығы қалай өзгеретінін түсінуге мүмкіндік ала алады.

Осы ойын арқылы айтпағым ойындағыдай өмірлеріңіздің өткен шағына өтуге бір сәтке сапар шеге алсақ, қай кезеңдеріне өтер едіңіз ?

Өміріңіздің әттегені ай деген тұстарын өзгертіп көрер ме едіңіз ??…

Ойын ережесі:

Топтарға бөліне отырып, уақыт кеңістігіне баруға тиісті тарих кезеңі көрсетілген қимақағаздарды аласыздар. Үш минут ішінде команда уақыт мәшинесін пайдалана отырып, өзімен алып кете алатын қазіргі уақыттағы үш затты анықтауы қажет. Осы үш зат стандартты мектеп рюкзагына сиюы керек, сондай-ақ олар уақыт кеңістігіне саяхат кезеңінде қолдану үшін тиімді болуы тиіс.

Ми шабуылынан кейін өз шешін түсіндіру үшін 1 минут уақыт беріледі..

#Орта ғасыр «Шыңғысхан» заманы

#Кеңес Одағы…

#Қазіргі кезең…

#Болашақ кезең….

PS: Ал мен болсам, елім талай қан жұтқан замандарға өтіп, қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да…сонау аштықта, қуғын — сүргінде өлген бауырларымда құтқарар едім амал болса…

Қобланды АБЕНОВ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 700-ДЕН АСТАМ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МЕКЕМЕСІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА «KONE TURKI DASTURI» АТТЫ ЭТНОФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *