Бүгін БАҚ өкілдері баспасөз-туры аясында Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрына барды. Журналистер «Қарашаңырақ-2024» атты театрішілік фестивальдің ашылуына қатысты. Шарада 2020-2024 жылдар аралығында сахналанған түрлі жанрдағы 10 спектакль көрермен назарына ұсынылып, ең үздік қойылымға бас жүлде тағайындалмақ.
Театр басшысы Орал Камалдың сөзінше, фестиваль — театрдың 55-маусымының жабылуына орай ұйымдастырылған. Сондай-ақ, шара — кәсіби мамандарды анықтау және өнер ошағындағы әртістердің шығармашылық шабытын арттыру мақсатында қолға алынған.
Журналистер баспасөз мәслихатынан соң, театр сахнасынан «Жас Абай» қойылымын тамашалады. Спектакль қазақтың дана ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай сахналанған. Спектакльде 13 жасар Абайдың Семейдегі «Ахмет Риза» медресесін аяқтап, ауылға келгеннен кейінгі жастық шағы бейнеленген. Сонымен қатар, қойылымнан Зере әжейдің ертегілерін, қиссалары мен әңгімелерін тыңдап өскен бала Абайдың ақындық жолдағы алғашқы қадамдарын көруге болады.
Айта кетсек, театр шымылдығы алғаш рет 1969 жылы ашылған. Театрда 55 жыл ішінде 200-ден астам түрлі жанрдағы шығармалар сахналанған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments