Жаңалықтар

«КИЕЛІ МЕКЕН»: СОЗАҚТЫҚТАР «САҢҒЫЛ БИ» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

Созақ ауданындағы Сызған ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясындағы «Киелі мекен» апталығындағы тазалық жұмыстары жалғасып жатыр.

Бүгінде жергілікті тұрғындар мен белсенді жастар жұмыла кірісіп, «Саңғыл би» кесенесінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Шараға аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов арнайы қатысып, тазалық жұмыстарының барысын бақылауына алды.

Ұйымдастырылған акция аясында кесене ауласындағы қоршаулар мен аяқжолдар қалыпқа келтірілді. Сонымен қатар, кесене аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, ондағы шөптер мен қураған ағаш түптері оталды. Аталған акцияға 70-ке жуық белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысып, тазалыққа қажетті техникалар жұмылдырылды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Семинар в рамках школы наставничества прошел в Талдыкоргане

Алдыңғы

«КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШТА ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСКЕРТКІШТЕРІНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *