Түркістан облысы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету,қызмет алушылардың құқықтарын қорғау жәнеқалпына келтіру болып табылады.
2023 жылы Департаменттің қарауынамемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша157 арыз түскен, жалпы өтініштер бойынша 13 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.
Келіп түскен арыздардың басым бөлігі жер қатынастары
(66 немесе 42%), еңбек және әлеуметтік қорғау (7 немесе 4%), ауыл шаруашылығы (7 немесе 4%) салаларына тиесілі.
Ағымдағы жылдың өзінде-ақ, Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың 20-ға жуықарыз шағымдары келіп түсті.
Арыздардың қорытындысы бойынша 4азаматтың шағымындағы дәлелдері расталып, құқықтары қалпына келтірілді.
Мәселен, Департамент жер учаскесін ақпараттық жүйеде келісу үшін жолдаған 3 (үш) қызмет алушының шағымдарынжоспардан тыс тексеру арқылы қарады.
Нәтижесінде, қызмет беруші ұйым аталған азаматтардың біреуіне 2 айға жуық жауап бермегені, ал басқаларына қызмет көрсетудің мерзімдерін сақтамай жауап ұсынғаны анықталды.
Тексеру нәтижесімен, қызметтіалушылардың өтініштері қанағаттандырылып,жер учаскелері ақпараттық жүйеде келісіліп, құқықтары қалпына келтірілді.
Тексеру қорытындысымен, кінәлі тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қараужәне алдағы уақытта болдырмау туралынұсқама енгізілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет ітсері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсетубасқармасының бас маманы Жанар Қалдымұратқызы ҚАМБАР
Comments