Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру бастамасы бойынша Түркістан облысында ауқымды жұмыс атқарылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті.
«Әділетті Қазақстанды құрудағы игі істерге барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана біз ортақ мүддеге қол жеткізе аламыз. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әкімдердің халықпен кездесулері жаңа форматта өтіп жатыр. Биыл 10 ай бойы барлық деңгейдегі әкімдер тарапынан елмен жалпы кездесулер ұйымдастырылып, 6578 мәселе көтерілді. Оның ішінде инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелер ең жиі көтерілген сұрақтардың қатарында болды. Бюджеттің мүмкіншілігіне қарай, көтерілген мәселелердің басым көпшілігі өз шешімін тапты немесе 89,2% шешілген», деді Дархан Сатыбалды.
Еліміздегі саяси реформалардың аясында ауыл тұрғындары екі жылдан бері ауылдық округ әкімін таңдау мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде Түркістан облысы бойынша 140 ауылдық округ әкімдері сайланды. Сонымен қатар биыл 4 аудан әкімінің сайлауы өтті. Қабылданып жатқан реформалардың барлығы мемлекеттік басқарудағы шешім қабылдау процессіне азаматтардың қатысу мүмкіндігін арттырып отыр.
———
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗА ДВА ГОДА НАСЕЛЕНИЕМ БЫЛО ИЗБРАНО БОЛЕЕ 140 АКИМОВ
В Туркестанской области ведется большая работа по реализации инициативы Главы государства Касым-Жомарта Токаева по созданию справедливого Казахстана. Об этом в ходе отчета о социально-экономическом развитии области на площадке Службы центральных коммуникаций сообщил аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды.
«Только когда все казахстанцы будут активно участвовать в делах по созданию справедливого Казахстана, мы сможем достичь общих интересов. В рамках концепции Главы государства «Слышащее государство» встречи акимов с населением проходят в новом формате. За 10 месяцев этого года акимами всех уровней были организованы встречи с населением, на которых были подняты 6578 вопросов. Вопросы обеспечения инфраструктурой и социальные вопросы были одними из часто поднимаемых. В зависимости от возможностей бюджета, большинство поднятых вопросов уже решено, это 89,2%», сказал Дархан Сатыбалды.
В рамках политических реформ сельчане уже два года имеют возможность выбрать акимов сельских округов. В Туркестанской области избраны акимы 140 сельских округов. Кроме того, в этом году состоялись выборы акимов четырех районов.
Все принимаемые реформы повышают возможность участия граждан в процессе принятия решений в государственном управлении.
Comments