ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастыруымен республиканың барлық аймағында «Қыс-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Екі күнге созылатын шара Түлкібас ауданы аумағында өтіп жатыр. Оқу-жаттығу — екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде — облыс аумағындағы азаматтық қорғау органдарының күштері мен құралдарының қысқы мерзімге дайындығы пысықталады. Ал екінші кезеңде — табиғи және техногендік сипаттағы апат аймағында авариялық-құтқару және төтенше жағдайлардан туындаған залалдарды жою жұмыстары жүргізіледі.
Қыс мезгілінде ауа-райының күрт өзгеруі әсерінен облыс аумағындағы кейбір жолдарда жыл сайын көлік қозғалысы тоқтайды. Бұл жағдай Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба ауылында жиі орын алады. Қазіргі таңда оқу-жаттығуға тартылған азаматтық қорғау құрылымдарының күштері жолда қалған жолаушыларды қауіпсіз орындарға көшіру, құтқару жұмыстарына дайындық үстінде. Сонымен қатар, олар апаттық жағдайларды жоюға жұмылдырылуда.
Айта кетсек, 2023-2024 жылдардағы қысқы кезеңге дайындықты бақылау бойынша оқу-жаттығулар облыстың қала-аудандарында командалық-штабтық ойындар әдісімен өткізілмек.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments