ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫ ҚОЛДАУЫМЕН АЛҒАШ РЕТ СПОРТПЕН АЙНАЛЫСУҒА МҮМКІНДІК АЛДЫ

«Самұрық-қазына» қоры қолдауымен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ және «Эко Атамекен» ҚБ бірлесіп Түркістан облысы Кентау қаласында алғаш рет бейімделген спорт бойынша бочча секциясын ашты.

Онда ерекше балалар бочча, голбол, адаптивті жүзу, каратэ, таэквондо, дзюдо, пионербол, футбол, бейімделетін жеңіл атлетика, инклюзивті хореография секілді спорт түрлерімен айналыса алады. Енді еліміздегі жалғыз арнаулы кәсіптік колледждегі тірек-қимыл жүйесі бұзылған I, II және III топтағы ерекше балалар өздеріне ыңғайлы параолимпиадалық спорт түрімен айналысуға мүмкіндік алады. Алдағы уақытта бұл жұмыс өз жалғасын таба бермек.

Айта кетейік, «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен Түркістан өңірінде соңғы 5 жылда 1,8 млрд теңгеге 23 жоба жүзеге асқан. Оның ішінде «Қамқорлық» оңалту орталықтары, «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал топтағы 6 мыңнан астам оқушыны мектеп құралдарымен қамтамасыз ету, мектепішілік санитарлық тораптар орнату және ауылдық медицина нысандарына жаңа жедел жәрдем көліктерін табыстау сынды бастамалар бар.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТАРАЗДАҒЫ СӘН АПТАСЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУЛЫҚТАР ҚАЛА КҮНІН АТАП ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *