Облысымыздың орталығы Тараздың орталық алаңында, көрші бауырлас, айыр қалпақ елдің Талас облысының тауар өндірушілерімен бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Екі ел шаруаларының бірлескен жәрмеңкесінде сатылым сөрелеріне жалпы көлемі 20,4 тоннадай өнім қойылды.
Ұйымдастырылған арнайы жәрмеңкені облыс әкімі Қарашөкеев Ербол, шаһар басшысы Орынбеков Бақытжан мырзалар көршілес айыр қалпақты елдің Талас облысынан келген қадірлі қонақтармен бірге жәрмеңкені аралап, тауар сатушылармен тілдесті.
Көрші елдің Талас облысының өнерпаздары өздерінің арнайы дайындаған мәдени іс-шарасын жиылған жұртшылық назарына ұсынды
Еске сала кетсем: бірлескен жәрмеңке қазақ-қырғыз елдері арасындағы сауда-ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.
Айнұр Жамалбекқызы
Comments