Түркістанда Қазақстан мен Чехияның мемлекеттік органдары, ұлттық компаниялары мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен Чех-Қазақстан бизнес-форумы өтті. Форумның ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды құттықтау сөз сөйлеп, Түркістан өңіріне инвестиция тарту бағытындағы іс-шара жемісті боларына сенім білдірді.
– Құрметті форумға қатысушылар! Чехиялық меймандар! Түркістан облысына арнайы сапармен келіп, екіжақты тығыз ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Біз сіздердің ауыл шаруашылығында, оның ішінде мал шаруашылығында, ғылыми-техникалық салада тәжірибе алмасу жөніндегі бастамаларыңызды құптаймыз. Өңірде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік мол. Түркістан облысының құрылуы және Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесінің берілуі өңірге инвестициялар тартуға серпін берді. Бүгінгі келіссөздерден кейін Чехия мен Түркістан облысы арасында тауар айналымы көлемі артып, жаңа жобалар жүзеге асады деп сенемін. Диалог пен пікір алмасу табысты серіктестіктің негізгі элементтері деп санаймыз. Облыста жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу, ет және сүт өнімдерін өндіру, тоқыма өнеркәсібін дамыту, былғары өндіру және өзге де салаларға инвестиция салудың тиімділігі зор, – деген Дархан Сатыбалды өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды.
Бизнес-форумда Чехия Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Марек Выборный Чехияның кәсіпорындары, экспортқа шығаратын өнімдері туралы кеңінен әңгімеледі. Чехияның өндірістік мүмкіндіктеріне тоқталды.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ өңірлік директоры Максат Жолдасбеков өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы таныстырылым өткізсе, Чехияның жауапты министрлік өкілдері де баяндама жасады.
Маңызды іскерлік басқосуға Чехияның 40-тан астам компаниясы мен Қазақстанның бизнес саласынан 200-дей азамат қатысты.
Форум барысында инвестиция салу, ауыл шаруашылығы, тоқыма саласы, тамақ өнеркәсібі және өзге де салалар бойынша В2В форматында кездесулер өтті. Чехиялық делегацияға Түркістанның көрікті орындары көрсетіліп, туристік әлеуеті де таныстырылды.
2018 жылдан бастап Түркістан облысына 6 млрд. АҚШ. доллары көлемінде инвестиция тартылды. Ал Түркістан облысы мен Чехия мемлекеті арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 2 млн. АҚШ долларын құраған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш ұлғаяды деген сенім бар. Түркістан облысында индустриялық аймақтар және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Онда инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————-
В ТУРКЕСТАНЕ ПРОШЕЛ БИЗНЕС-ФОРУМ С УЧАСТИЕМ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ КАЗАХСТАНА И ЧЕХИИ
В Туркестане прошел чешско-казахстанский бизнес-форум с участием представителей государственных органов, национальных компаний и деловых кругов Казахстана и Чехии. На открытии форума с приветственным словом выступил аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды. Он выразил уверенность, что мероприятие по привлечению инвестиций в регион будет плодотворным.
— Уважаемые участники форума! Дорогие гости! Выражаю благодарность за посещение Туркестанской области и вклад в развитие двустороннего тесного сотрудничества. Мы приветствуем ваши инициативы по обмену опытом в сельском хозяйстве, в том числе животноводстве, научно-технической сфере. В регионе есть много возможностей для развития отрасли сельского хозяйства. Создание нашей области и присвоение городу Туркестану статуса областного центра дали толчок к привлечению инвестиций в регион. Уверен, что после сегодняшних переговоров объем товарооборота между Чехией и Туркестанской областью увеличится, будут реализованы новые проекты. Мы считаем, что диалог и обмен мнениями являются ключевыми элементами успешного партнерства. В области эффективно инвестировать в переработку плодоовощной продукции, производство мясной и молочной продукции, развитие текстильной промышленности, производство кожи и другие отрасли, — рассказал Дархан Сатыбалды об инвестиционном потенциале региона.
На бизнес-форуме министр сельского хозяйства Чешской Республики Марек Выборный подробно рассказал о предприятиях Чехии и продукции, которую они экспортируют, о производственных возможностях Чехии.
С презентацией об инвестиционных возможностях региона выступил региональный директор АО НК «Kazakh Invest» Максат Жолдасбеков, а также представители ответственного министерства Чехии.
В деловой встрече приняли участие представители более 40 чешских компаний и около 200 представителей бизнес-сообщества Казахстана.
В ходе форума состоялись встречи в формате В2В по инвестициям, сельскому хозяйству, текстильной отрасли, пищевой промышленности и другим отраслям. Чешской делегации были представлены достопримечательности Туркестана и презентован туристический потенциал.
Отметим, с 2018 года в Туркестанскую область было привлечено $6 млрд инвестиций. Товарооборот между регионом и Чехией в 2022 году составил $2 млн. Есть уверенность, что в ближайшее время этот показатель увеличится.
В области действуют индустриальные зоны и специальная экономическая зона «Turkistan». Там созданы благоприятные условия для инвесторов.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Comments