БілімЖаңалықтар

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс шараға қатысты. Қала басшысы ұстаздар қауымына құттықтауын жеткізіп, ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ салтанатты жиында саланың үздіктері арнайы марапатталды.

«Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен елімізде алғаш рет «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, ұстаздардың қоғамдағы абырой-беделі артып келеді. 2020 жылдан бастап бүгінге дейін ұстаздар жалақысы

100 пайызға, балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсіп, әлеуметтік тұрғыда қорғала түсті. Кешегі өткен Республикалық педагогтер съезінде

Президентіміз ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Мектепті ең қауіпсіз орынға айналдырудың маңызды екенін тағы да еске салып, білім беру ұйымдарында орын алған

буллинг, зорлық-зомбылық көрсетуді түбірімен жоюды тапсырды. Осы бағытта жұмыстарды күшейту – басты міндетіміз» — деді қала әкімі.

Кеш қонақтары патриоттық әндерді тыңдап, ұстаздарды ұлықтаған шәкірттердің өнерін тамашалады.

Мегаполистің білім беру жүйесі – 30 мыңға жуық ұстаз еңбек ететін үлкен салаға айналып отыр. Қаламыздағы 930 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленушіні, оқушы мен студентті қамтиды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАНДА «ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫНДА ОБЛЫС ҰСТАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ САЙЛАУЫНА 30 КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛҒАН

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *