«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деп бес арысымыздың бірі, әйгілі ақын Мағжан Жұмабаев атамыз айтқанындай, ұлтымыздың жаңа сапасын қалыптастыру үдерісіндегі ең маңызды буын, келешектің кілті, мемлекетіміздің тірегі жастардың бойына ізгілік қағидаларын, адамзатқа ортақ құндылықтарды сіңіретін жан — ұстаз. Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген қастерлі миссиясын абыроймен атқарып жүрген барша мұғалімдерді бүгінгі кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» дегеніндей, ең алдымен — «ҰСТАЗ», ол қадірлі маман, ал ұстаз болу – қастерлі міндет.
Ізгі ниетпен, Қобланды
Comments