ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ (27 ҚЫРКҮЙЕК)

27 қыркүйек күні Азия ойындары аясында Қазақстан командасы бір алтын және екі қола медаль жеңіп алды.
Стенд ату:
Сапында Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина бар Қазақстанның әйелдер командасы скит бағдарламасында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарының рекордын (350 балл) орнатты.
Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.
Жүзу:
Ваттерфляй әдісімен (100 метр) жүзудің финалдық кезеңінде Әділбек Мусин 51.86 секундта мәреге жетіп, қола медаль жеңіп алды.
У-шу саньда:
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аян Тұрсын қола жүлдеге ие болды.
Бокс:
Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (50 кг) Непалдан келген қарсыласы Сусма Тамангты – 5:0 есебімен сенімді түрде ұтты, ал Сағындық Тоғамбай Моңғолиядан келген Бариахаан Доржды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) Тәжікстаннан келген боксшы Баходур Усмоновты 3:2 есебімен жеңді.
Теннис:
Аралас жұпта Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин 32 минут ішінде Тәжікстаннан келген қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты.
3×3 Баскетбол:
Қазақстанның әйелдер командасы Непал құрамасын 17:10 есебімен жеңді.
Гандбол:
Қазақстан әйелдер командасы топтық іріктеу кезеңінде Өзбекстан құрамасын 37:33 есебімен ұтты.
4-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде бар.

ТҮРКІСТАН: МАҚТАШЫЛАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдыңғы

XIX ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: ҚАЗАҚСТАН СПОРТШЫЛАРЫ ҚАТЫСАТЫН ЖАРЫСТАР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *