ЖаңалықтарҚоғам

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 11 МЫҢНАН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ АНА ТҰРАДЫ 

Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов бір топ көпбалалы аналарға «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» наградаларын табыстады. Жыл басынан бері 44 ана «Алтын алқа», 156 ана «Күміс алқа» наградасын алған. Жалпы ауданда 704 «Алтын алқа», 1410 «Күміс алқа» иегері бар. Бұдан бөлек, 88 ана «Батыр ана» атағын алып, 136 ана «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған.

–Ауданымызда жыл сайын 3 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Жалпы Республика көлемінде демографиямызды көтеруге мақтааралдық көпбалалы аналар белсенді атсалысуда. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар да жыл сайын көбеюде, – деді аудан әкімі Бақыт Асанов.

Айта кетейік, еліміздің демографиясын көтеруде Мақтаарал ауданының көпбалалы аналары белсенді атсалысып жатыр. Қазіргі таңда Мақтааралда көпбалалы аналардың саны 11 мыңнан асып жығылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДҮКЕНІ АШЫЛДЫ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМ – ҰЛТ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *