Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 4 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Тарқата айтсақ, бүгінде Сарыағаш қаласында 300 және 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталды. Одан бөлек, Дербісек ауылдық округіндегі — Дербісек, Қызылжар ауылдық округіндегі — Жаскешу елді мекендерінде 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілі М.Айманбетов құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерке барып, жұмыс барысымен танысты.
Тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеменің қызметкерлерімен кездескен аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жобаға сәйкес өз мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments