ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғамМәдениетРуханият

Архив саласы бойынша Қазақстан-Өзбекстан мемлекетаралық кеңесі құрылады — Қуат Бораш

Архив,құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қуат Қаһарманұлы бастаған қазақстандық делегация мен Өзбекстан Республикасының архив басшылары арасында «Архив ісі саласындағы халықаралық байланыстарды арттыру» тақырыбында достық кездесуі өтті.

Жиын барысында Комитет төрағасы Қуат Бораш пен «Өзархив» агенттігінің директоры Ұлықбек Юсупов алдағы уақытта екі елдің архивтері арасында бірлесе отырып ауқымды іс-шаралар өткізу және архивтік тарихи құжаттардың жинақтарын шығару мәселелерін талқылады.

Осы аптада өз ағамыздың елінде (Самарқандта) өткен ТМД елдері архив саласы басшыларының консультативтік кеңесінің аясында біздің ұсынысымызбен екі ел архив басшыларының арнайы келіссөзі өтті. Нәтижесінде архив саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан мемлекетаралық кеңесін құруға уағдаластық. Әуелі нақты алгоритмі айқындалған Іс-қимыл жоспарының жобасы шеңберінде екі елдегі архивтердегі өзара тарихқа қатысты құжаттар дестесін анықтап, бірінші кезекте бірлескен жинақтар шығаруға келістік,-деді Комитет төрағасы Қуат Қаһарманұлы.

Қос елдің архивтері арасындағы құжаттық келісім аясында алдағы уақытта тығыз байланыс орнату, құжаттамалық мәселелерді оңтайландыру, электронды архивтердің ақпараттық жүйелерін толықтыру мәселелері де қаралды. Төрағаның айтуынша Түркістан автономиялық республикасын құрудағы екі ел зиялыларының ортақ еңбегі, тарих, архитектура, білім-ғылымға қатысты зерттеулер жүргізу жоспарланған.

Сонымен бірге келесі жылы Қазақстан Жазушылар одағынан құралған арнайы топ Өзбекстан архивінде жүйелі зерттеу жүргізіп, қорытындысы бойынша «Өзбекстан архив құжаттарындағы Қазақстанның мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің тарихы» атты жинақ дайындауға уәделестік. «Өзархив» агенттігінің директоры, әріптесім Ұлықбек Юсупов белгіленген шаралар бойынша жан-жақты ықпал етуге әзір екенін айтып, біздің шақыруымызбен жыл соңына дейін Астанаға келіп, ортақ ісіміздің алғашқы нақты қадамдары жасалатыны атап өтті,-деді төраға.

ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті

ШЫМКЕНТТЕ МОНОПОЛИСТ КОМПАНИЯЛАР ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫП ЖАТЫР

Алдыңғы

ҚАЗАҚСТАНДА ШАЛА ТУҒАН БАЛАЛАРДЫҢ РЕТИНОПАТИЯСЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖАҚСАРУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *