ЖаңалықтарЖастар саясатыСаясатСпорт

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ВЕЛОМАРАФОННАН ЖАРЫС ӨТТІ

Ордабасы ауданының орталығы Темірланда «Денсаулық фестивалі» мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары арасында веломарафон өтті. Орталық алаңнан басталған марафонның ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев қатысып, бұқаралық спортты дамытуға арналған шараға сәттілік тіледі.
Сайысқа 18-35 жас аралығындағы 100-ге жуық адам қатысып бақтарын сынады. Марафонның мәресіне жастар арасында бірінші болып Бағжан Орынбеков топ жарып, екінші орынды Елжан Оспанов иеленді. Ал жүлделі үшінші орын Пайыз Жәмәділге бұйырды. Сондай-ақ, ересектер арасында Мұхаммедәлі Сағынтай бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Нұрбол Батырбеков иеленсе, үшінші орынды Қанат Адильханов жеңіп алды. Жарыс соңында аудан әкімі жүлде алған спортшыларға сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыстады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН: БОКСТАН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ШАРДАРА КУБОГЫ» ӨТТІ

Алдыңғы

ТАЙҚАЗАННЫҢ ТҮРКІСТАНҒА ОРАЛҒАНЫНА 34 ЖЫЛ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *