ЖаңалықтарМәдениетРуханият

ЖАРЛЫӨЗЕКТЕ КЕРУЕН-САРАЙЫ ЖАҢҒЫРМАҚШЫ

«Отан» деген түсінік адамның ұғымына ананың ақ сүтімен, атаның әлдиімен сіңеді. Әр өмірге келген перзент кіндік қаны тамған өлкесін кезінде аталарымыз «әркімнің туған жері мысыр шары» деп айтып кеткендей мақтан тұтатын анық. Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады және оған әлемде ешбір жер тең келмесі белгілі. Нақты осы жер оны туған елімен, өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да адамда отанға деген махаббат балалық шақтан басталды. Туған өлке, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Ең аяғы, аң-құс та бір өңірді мекендеп, басқа аймақтарды жерсінбейді екен. Тәуелсіздік алған бір жылдары араб жұртынан келген қонақтар қазақ даласының қырандарын сатып алыпты. Елдеріне барған соң қырандардың аяғына сақина кигізіп, әлпештеп, аялап ұстапты. Бір күні сол биіктік сақшылары ізім-қайым жоқ болыпты. Сөйтсе, олар өздерінің бауыр басқан мекені, ата жұрты, отаны – қазақ даласына қайтып оралған екен. Шыны керек бұл олардың асып бара жатқан ақылдылығынан емес, туған өлкесіне деген сағынышы мен махаббатынан туындаған болар деп ойлаймын. Біздің де сонау дәуірлерден бері тамырын тереңге жайған бір ғана Отанымыз бар. Ол – Қазақ жері. Осынау алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы. Өйткені қазақтың Қазақстаннан басқа Отаны жоқ. Қаситетті құран кәрімнің бір хадисінде: «Екі көз ақыретте тозаққа күймейді: біріншісі күнәсіне өкініш білдіріп, оңашада егіліп жылаған көз, екіншісі Отанды қорғап шекара күзеткен көз» делінген екен. Демек,«А, Құдайлап» жауға шауып, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен кең байтақ жерімізге дұшпан жолатпаған жүрегі түкті баһадүр бабаларымыздың аманатына лайық болуымыз керек.

Ағымдағы қыркүйек айының басында Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов Көксу аудандық «Іскер Әйелдер Кеңесінің» төрайымы Утешбаева Салтанат Мұхаметханқызымен бірге Көксу ауданы, Жарлы өзек ауылының тұрғыны көп жылдар бойы құқық қорғау және сот органдарында жұмыс істеген, заң ғылымдарының докторы, «Оchaq» Тұрақты даму орталығы» ҚБ жетекшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының профессоры, облыс көлемінде жастардың бойына ошақ, отан, орда ұғымын сіңіріп жүрген Сарқытбек Молдабаев ағамыздың жұмыс орынына арнайы барып бүгінгі тыныс тіршілігімен танысып қайттық.

Сарқытбек ағамыз: 

«Барлығы ошақтан басталады, Отбасы – ошақ қасынан, егер осы бір төрт әріптен құралған сөздің түпкі мағынасына үңілер болсақ, оның қаншалықты қастерлі ұғым екендігіне көз жеткіземіз. Өйткені Отан деген тек туып өскен жерің ғана емес, ол – күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіңе жаратып отырған кең-байтақ жерің, қазыналы қариясы мен ақ жаулықты анасы бар алтын бесігің, тай-құлындай бірге өскен құрбы-құрдастан құралған ыстық ауылың, қадірлі ата-ана, сүйікті жар, сүйкімді балаң жүрген туған елің. Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекен, «атамыз күйеу, анамыз келін болған жер». Міне, осы туған ел мен жерге еге болу, амандығын тілеу, ұрпақтың болашағына жауаппен қарау, ел тыныштығымен қатар рухани бірлікті сақтау – әрбір қазақтың асыл парызы деп санаймын, дейді.

Аудандық Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы Салтанат Мұхаметханқызы:

— Кәсіпкеріміз өткен ХХ ғасырдың 70 жылдарында Жапон мемлекетінде ауылды экономикалық құлдыраудан шығару мақсатында енгізілен«Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында «Ұлы Жібек жолы» бойында керуеншілер үшін маңызды орын болған керуен-сарайын жаңғыртпақшы. тарихқа жүгінсек IX-XIV ғасыр аралығында Жарлы өзекте сауданың қайнаған қызу ортасы болған «Төрткүл» керуен-сарайы болған екен, — деді.

Аудандық Кәсіпкерлер Палата директоры Фархат Құсайынов: 

-Шыны керек тарихи киноларды, кітаптарды оқыған кезде қай – қайсымызда өз қиялымызда бұрынғы бабаларымыз өткен бағзы заманға сапар шегеміз. Шіркін тым құрыса сол бір кезеңге бірер мезетке оралсам ғой деген көкейімізде арманның ұшы қылт етері де анық.Көне керуен-сарайын жаңғыртпақшы болған кәсіпкер ағамыздың жобасы іске асса сол арманың бір сәтіне болсын сапар шегер едік, — деді.

Предприниматели просят защитить права 180 работников детского сада

Алдыңғы

КРЕАТИВТІ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *