АймақӘлеуметБизнес

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА 300-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС КӘСІПКЕРЛІК БОЙЫНША БІЛІМ ЖЕТІЛДІРДІ

Ордабасы ауданында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағытталған «Өз кәсібіңді аш» атты экскурсия және семинар-тренингі өтті. Қатысушыларға шара алдында «Бөрте Милка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кешенді сүт фирмасы мен «Bokei» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қыш зауытына экскурсия жүргізілді, деп хабарлайды MUZBALAQ.KZ ақпарат агенттігі.
Семинар-тренингті Ордабасы ауданы әкімі орынбасары Олжас Болатханұлы мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы мекемесінің басшы орынбасары Пердебек Есқұлов ашып беріп, кәсіпкерлік саласының даму қарқыны мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жобаларға тоқталды. Аудандық мәдениет үйіне жиналған 300-ге жуық жасқа «Жастарға арналған 2,5 % несие», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Бастау бизнес» жобасы түсіндірілді.
Аталмыш шарада арнайы спикерлер атап айтсақ, «Daryn online» компаниясының республика бойынша сату бөлімінің басшысы Бәйдібек Қуатбай, жас миллионер, бизнес-тренер Өндіріс Саят пен жас кәсіпкер, еліміздегі ең алғашқы тур-саяхат саласының негізін қалаушылардың бірі Қабылбай Жақсыбек өз бизнес салалары туралы баяндап, жетістікке жету жолдарымен бөлісті. Кәсіптің көзін тауып, кез келген бастаманы сәтті жолға қоюдың тетіктерін айтып берді. Қатысушылар өздері ашқысы келетін кәсіптерінің бағыттары бойынша спикерлерге өз сұрақтарын қойып, ең белсенді сұрақтар қойған жастарға «Jake tau» ұжымы мен қоғам белсендісі Олжас Мамыр Қасқасуға тегін жолдама сыйлады.
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған семинар-тренингтің мақсаты жастарды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, несие, грант алу және бизнес ашу, сонымен қатар түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру, жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау болып саналады.
Шара соңында Облыстық жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары Пердебек Есқұлов барлық қатысқан жастарға семинар-тренингтен өткендігін растайтын сертификат табыстады.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҮСІНДІРІЛІП, КӘСІП БАСТАҒАНДАР ҚАТАРЫ КӨБЕЮДЕ.

Алдыңғы

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ІV-БАҒЫТ «БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ» БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *