Көп жылдан бері ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі болып келген Созақ ауданындағы «Жылыбұлақ» каналының мәселесі облыс әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінен кейін шешімін тапты. Биыл жобалау сметалық құжаттамасы дайындалып, облыстық бюджеттен құрылыс жұмыстарын бастау үшін қаражат бөлінді. Жоба құны – 470 млн.теңге. Бұл канал пайдалануға берілген соң 650 га суармалы жер мен Құмкент, Қызылқанат елді мекендері тұрғындарының 133 га егістік жерлері ағын сумен толық қамтамасыз етілетін болады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен тұрақты кездесуі Созақ ауданында жалғасты. Ел алдында есеп берген облыс басшысы биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылап, жеткен жетістіктер пен жасалған жұмыстың мән-жайымен тұрғындарды таныстырды. Сонымен қатар алға қойылған мақсат-міндеттермен бөлісіп, қолға алынатын жобаларға кеңінен тоқталып өтті. Халықпен кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Нұралы Әбішев, облыстағы барлық басқарма басшылары қатысты.
Биыл 6 айда Созақ ауданындағы өнеркәсіп көлемінің көрсеткіші 265 млрд. теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 40 млрд. теңгені құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 19 млрд. теңгеге артты.
2027 жылға дейін ауданда 1 трлн. теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, келер жылы жоба құны 100 млрд. теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясы табиғи газ өндіру кәсіпорнының құрылысы басталады деп жоспарлануда. Жоба құны — 89 млрд. теңге. 130 млрд. теңгеге «Созақ Фосфат» компаниясының минералды тыңайтқыш өндіру зауыты салынып, 1 мың адам жұмыспен қамтылады. «Састөбе инновациялық комплексі» каустикалық содаға арналған тұз сақтау қоймасы құрылысын бастайды. Қоймада жылына 100 мың тонна тұз сақтауға мүмкіндік болады. «Созақ мұнай және газ» компаниясы қуаттылығы — 2 млрд. текше метр болатын газ өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның құны 700 млрд. теңгені құрайды.
— Жаңа зауыттардың құрылысына аудан аумағынан жер телімдері айқындалып, құрылыс жұмыстарына қажетті барлау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде. Бұл жобалар іске асырылғанда 1 706 тұрақты жұмыс орны ашылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен септігін тигізетін болады. Біз өнеркәсіп саласын дамытуға күш саламыз. Халықты тұрақты жұмыспен қамту үшін зауыт-фабрикалар салуға басымдық береміз. Кәсіп бастауға ниетті барлық азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіледі,-деді Дархан Сатыбалды.
Әкімнің осыған дейінгі кездесуінде ауданның бірқатар маңызды мәселелері көтерілген еді. Олар кезең-кезеңімен, заң талаптарына сай жүзеге асуда. Осы уақыт ішінде алдағы қыс-көктемгі су тасқынының алдын алу үшін Аққолтық елді мекеніндегі бөгеттер тұрғызылып, арықтар қазылды. Балдысу және Қарабұлақ елді мекендерінің тұрғындарына қосымша су өткізгіш құбырларын орнату жұмыстары жүргілуде. Шолаққорған ауылының ішкі газ құбырының желісін тарту жұмыстары биыл толық аяқталады. Ауылға газ беру үшін автоматты газ тарату станциясы мен магистральды газ құбырының құрылысы келер жылы аяқталады. Ақшам, Наурыз шағын аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Электр жарығының жиі өшуіне байланысты ескі подстанция жаңартылатын болды.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша Созақ ауданының облыстағы үлесі 60 пайызды құрайды. Биыл 6 айда жалпы өңірлік өнімнің көлемі 283 млрд. теңгені құрады. Созақ ауданы өнеркәсібі дамыған аудан болғандықтан облыс көлемінде өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған бірден-бір дотациясыз аудан болып саналады. Жергілікті бюджет кірісі жыл басынан бері 7,5 млрд.теңгеге жеткен. 14 мың гектар жерге егін егіліп, өсімдік шаруашылығының өнімі 4,7 млрд. теңгені құрады. Созақ ауданы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінде іске асырылуда. 4 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, 76 жоба мақұлданды.
Ауданның инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. «Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы инвестициялық бағдарламасының аясында биыл 26,5 шақырым электр желісі мен тозығы жеткен 3 трансформаторды ауыстырады. Ағаш бағаналары темір бетон бағаналарына ауыстырылады, жаңа трансформаторлар орнатылады. Биыл жергілікті бюджеттен қосымша 362 млн. теңге қаржы бөлініп, 11 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық маңызы бар Шолаққорған — Созақ, Созақ — Қарағұр, Шолаққорған — Құмкент жолдарының 152 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев абаттандыру, елді мекендерді таза ұстау мәселелеріне ерекше назар аударады. Аудан аумағын көркейтіп, қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандар мен үйлердің қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары үнемі бақылауда болуы қажет. Бұл жергілікті әкімдердің жұмысының басты көрсеткіштерінің бірі. Тұрғындарды да осы жұмыстарға атсалысуға шақырамын.Тазалықты алдымен өзімізден бастасақ, шеттен келетін қонақтарға да дұрыс көзқарас қалыптастыратын боламыз. Былтыр демеушілер есебінен Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс жолының бойында 3,2 гектар жер телімі қоршалып, 3,5 мың көшет отырғызылған болатын. Көгалдандыру аймағына тамшылатып суғару жүйесі жүргізілген. Биыл бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, қосымша 1,6 га жер теліміне 2 мың түп көшет отырғызылды. Жалпы, биыл аудан аумағын көгалдандыру мақсатында 18 670 көшет отырғызылды,-деді өзі сөзінде облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауданда орналасқан өндірістік кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер демеушілігі есебінен соңғы үш жылда 1,3 млрд. теңгеге бірқатар нысандар бой көтерді. Екі мешіт салып берді. 6 балалар алаңшасын, 5 спорт алаңын салып, 12 көшені жарықтандырды. 15 нысанды абаттандырып берді. Созақтықтар аз қамтылған көп балалы отбасыларға 11 үй сыйлады. Солардың бірі осыған дейін облыс әкімі Дархан Сатыбалдының халықпен кездесуінде баспана сұраған мүгедек әйел бүгін арнайы алғыс айту үшін келді. Оған жергілікті кәсіпкер баспана сыйлаған.
Халықтың табысын арттыру мақсатында Созақ ауданында 6 айда 550 жаңа жұмыс орны ашылды. Ауданда жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрайды. Бұл облыстағы ең төмен көрсеткіштердің бірі.
«Жайлы мектеп» пилоттық жобасы бойынша Шолаққорған ауылындағы 1961 жылы салынған Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің жанынан жаңа 900 орындық мектептің құрылысы биыл басталып, келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Биыл оқушылардың сапалы білім алуына толық жағдай жасау үшін, 23 оқу кабинеттерін жабдықтауға 182 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Тұрғындармен дидарласқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды елдімекендерді дамыту мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған игі істер жалғасын таба беретінін жеткізіп, тұрғындардың қойған барлық сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді. Азаматтарының талап-тілегі мен өтініштерін тыңдады.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әр 6 ай сайын халыққа атқарылған жұмыстың есебін беріп, тұрғындарды толғандырған мәселелермен жақын танысады. Мұндай жиындар өңірдегі барлық аудандар мен қалаларды қамтиды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
ТУРКЕСТАН: В СОЗАКСКОМ РАЙОНЕ ПОСТРОЯТ 13 ЗАВОДОВ НА 1 ТРИЛЛИОН ТЕНГЕ
Вопрос, связанный с созакским каналом «Жылыбулак», который уже много лет является одним из актуальных в сельском хозяйстве, решен после встречи акима области Дархана Сатыбалды с населением. В этом году была разработана проектно-сметная документация и выделены средства из областного бюджета на начало строительных работ. Стоимость проекта — 470 млн тенге. После ввода канала в эксплуатацию поливной водой будут обеспечены 650 га орошаемых земель и 133 га пашенных участков жителей населенных пунктов Кумкент, Кызылканат.
Встречи акима Туркестанской области Дархана Сатыбалды с населением продолжилась в Созакском районе. Отчитавшись перед жителями, глава области подвел итоги первого полугодия 2023 года, ознакомил с достижениями и итогами проделанной работы. Кроме того, он поделился поставленными целями и задачами, подробно остановился на проектах, которые будут реализованы.
За шесть месяцев 2023 года объем промышленности Созакского района составил 265 млрд тенге. Объем инвестиций, направленных на основной капитал, достиг 40 млрд тенге, что по сравнению с соответствующим периодом прошлого года на 19 млрд тенге больше.
До 2027 года в районе будут реализованы 13 инвестиционных проектов на 1 трлн тенге. В частности, в следующем году начнется строительство завода по производству серной кислоты компании «Казатомпром» стоимостью 100 млрд тенге. Планируется начало строительства предприятия по добыче природного газа компании «Мангышлак-Мунай» стоимостью 89 млрд тенге. Еще будет построен завод по производству минеральных удобрений компании «Созак Фосфат» стоимостью 130 млрд тенге, где будет трудоустроено 1 тыс. человек. Начнется строительство соляного склада для каустической соды «Инновационный комплекс «Састобе». Здесь смогут хранить 100 тыс. тонн соли в год. Планируется реализация проекта по добыче газа компании «Созақ мұнай және газ» мощностью 2 млрд кубических метрах. Стоимость проекта — 700 млрд тенге.
— Для строительства новых заводов определены земельные участки, ведутся необходимые разведочные работы, оформляются документы на строительные работы. При реализации этих проектов будет создано 1706 постоянных рабочих мест, что будет способствовать социально-экономическому развитию района. Мы прилагаем усилия для развития промышленности, уделяем приоритетное внимание строительству заводов и фабрик для постоянной занятости населения. Всем гражданам, желающим начать бизнес, будет оказана всесторонняя поддержка, — сказал Дархан Сатыбалды.
Напомним, на предыдущей встрече акима области с населением Созакского района был поднят ряд важных вопросов. Они решаются поэтапно, в соответствии с требованиями закона. За это время для предупреждения предстоящих зимне-весенних паводков были возведены плотины и вырыты канавы в населенном пункте Акколтык. Ведется работа по установке дополнительных водопропускных труб для жителей населенных пунктов Балдысу и Карабулак. Работы по прокладке внутреннего газопровода в селе Шолаккорган завершатся в текущем году. Строительство автоматической газораспределительной станции и магистрального газопровода для подачи газа в село будет завершено в 2024 году. Активно ведется работа по обеспечению питьевой водой жителей микрорайонов «Акшам» и «Наурыз». Из-за частых отключений электричества старая подстанция нуждалась в модернизации.
Доля Созакского района в области по объему промышленной продукции составляет 60%. За шесть месяцев 2023 года объем валового регионального продукта составил 283 млрд тенге. Созакский район, являясь промышленно развитым районом, считается единственным самодостаточным районом в области. Доходы местного бюджета с начала года достигли 7,5 млрд тенге. Объем продукции растениеводства (14 тыс. га) составил 4,7 млрд тенге. Программа «Ауыл аманаты» реализуется в сельских округах Созак, Кумкент, Шолаккорган и Жартытобе. Создано четыре сельскохозяйственных кооператива, одобрено 76 проектов.
Продолжается работа по улучшению инфраструктуры района. В рамках инвестиционной программы компании «ОңтүстікЖарықТранзит» в этом году заменят 26,5 км электрических сетей и три изношенных трансформатора. Деревянные колонны заменят железобетонными, установят новые трансформаторы. Из местного бюджета выделены дополнительные 362 млн тенге, ведется средний ремонт 11 улиц и 152 км дорог областного значения «Шолаккорган-Созак», «Созак-Карагур», «Шолаккорган-Кумкент».
— Президент страны Касым-Жомарт Токаев уделяет особое внимание вопросам благоустройства и содержания населенных пунктов в чистоте. На постоянном контроле должны находиться работы по благоустройству территории района, очистке территорий от бытовых отходов, приведению в порядок фасадов домов и объектов придорожного предпринимательства. Это один из главных показателей работы акимов. Призываю жителей принять участие в этой работе. Если мы начнем с себя, то создадим правильное отношение туристов к нам. В прошлом году за счет спонсоров был огорожен земельный участок площадью 3,2 гектара с выходом из села Шолаккорган в направлении Туркестана, посажено 3,5 тысячи саженцев. В зоне озеленения проведена система капельного орошения. В этом году эти работы продолжаются — на 1,6 га земли высажено еще две тысячи саженцев. В целом, в текущем году в целях озеленения территории района высажено 18 670 саженцев, — сказал аким области Дархан Сатыбалды.
За счет спонсорства производственных предприятий и индивидуальных предпринимателей за последние три года в районе был возведен ряд объектов на 1,3 млрд тенге. Сузакцы подарили малообеспеченным многодетным семьям 11 домов, построили две мечети, шесть детских и пять спортивных площадок, осветили 12 улиц, благоустроили 15 объектов.
В целях повышения доходов населения за шесть месяцев создано 550 новых рабочих мест. Уровень безработицы в районе составляет 5%. Это один из самых низких показателей в области.
По пилотному проекту «Комфортная школа» для общей средней школы имени Ы. Алтынсарина, построенной в селе Шолаккорган в 1961 году, в этом году начнется строительство нового здания на 900 мест, его планируется ввести в эксплуатацию в следующем году. В этом году для создания условий для качественного образования учащихся на оснащение 23 учебных кабинетов выделено 182 млн тенге, ведется соответствующая работа.
Пообщавшись с населением, Дархан Сатыбалды отметил, что добрые дела, направленные на развитие населенных пунктов и повышение уровня жизни населения, будут продолжены. Глава региона ответил на все вопросы и предложения жителей, выслушал их просьбы.
Отметим, аким Туркестанской области каждые полгода проводит отчетные встречи с населением о проделанной работе и знакомит с проблемами, волнующими жителей. Встречи проводятся во всех районах и городах региона.
Comments