АймақБизнесЖаңалықтар

Шеберлерге куәлік тапсырылды

Шаштараз және тырнақ әрлеу өнері бұл өте шығармашыл және сұранысқа ие мамандық. Жер бетінде шаштараздың қызметімен тырнақ әрлеуге жүгінбеген қыз – келіншек жоқ та шығар. Шеберлер күн сайын клиенттің келбетін талабына сай түрлендіріп шедевр жасау үшін әрқайсысына жеке көңіл бөле отырып, шығармашылық сюжетпен астасатын қиялдарына ерік беріп ойындағы әдемілікті қылқалам мен бояулар арқылы беруге тырысады. Сондай-ақ сұлулық әлемінің шеберлері — қиялы жүйрік, аса сезімтал, әрі шыдамды жандар болып келеді. Олай дейтінім клиенттің таңдаған образы немесе шаш қию үлгісі оған жараспайтынын түсініп тұрса да, тапсырысын үнсіз орындап немесе оған қалай жақсы болатынын дұрыс және әдепті түсіндіре білуінің өзі бір өнер десем артық айтпаған болар едім. Алайда бұл саламен болашағын байланыстырғысы келетіндерге айтарым «шебердің қиялымен жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығатынын ұмытпаған жөн». Ол үшін осы саланың қыр – сырын үйретіп маман атандырар немесе шеберлікті шыңдайтын курстарға үнемі қатысып тұрған жөн демекпін.

Бүгін ағымдағы тамыз айының 15 күні Жетісу облысы Кәсіпкерлер Палатасының Көксу – Қаратал аудандары филиалдарының директоры Фархат Құсайынов Көксу аудандық «Іскер Әйелдер Кеңесінің» төрайымы Утешбаева Салтанат Мұхаметханқызымен бірге «Бұлқарова» оқу орталығынан жоғарыда атап өткен мамандықтар бойынша 3 айлық қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткен қатысушыларға куәлік табыстау салтанатты жиынына қатысып сәт сапар тіледі.

Оқу орталығы басшысы Айсұлу Бұлқарованың айтуынша:

Оқу орталығы ашылғалы бері 4 жыл болыпты. сол төрт жылдың ішінде оқу оралығы шаштараз, тырнақ әрлеуші, косметолог, визажист мамандықтары бойынша 133 өз қарлығаштарын ұшырған.

Аудандық Кәсіпкерлер Палата басшысы Фархат Құсайынов:

— Қазіргі уақытта жұмыспен қамту мәселелерін шешу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба ел көлемінде іске асырылып жатыр. Алдағы уақытты сіздерде кәсіпкерлік саласын дамыту бағытындағы мемлекет тарапынан көрсетілер игілікті іс-шараларды қолданып, ауданымыз үшін маңызды кәсіп иесі боларсыздар деген сенімдемін,- деді.

Көксу аудандық Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы Салтанат Мұхаметханқызы:

-Қатысушыларға облыс және аудан «Іскер Әйелдер Кеңесінің» қолдауымен облыс көлемінде іске асырылып жатқан табысты жобалар жайынан ақпар беріп, алда тек қорықпай, өздеріңе сеніп қызмет етіңіздер, сонда ғана табысқа кенелесіздер,- деп түлектерді жігерлендірді.

Небо Каппадокии окрашено самыми захватывающими воздушными шарами в мире

Алдыңғы

«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» ТАҢБА БЕЛГІСІНІҢ ҰЛТТЫҚ СТАНДАРТЫ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *