Басты ақпаратЖаңалықтарЖастар саясатыСаясатЭкономика

АРЫС — ТАБЫСТЫ ЖОБАЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР ҮШІН ТАРТЫМДЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Арыс қаласының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде өңірде жүзеге асып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Өңір басшысы Арыс қаласында инвестиция тарту бағытында атқарылған ілкімді тірліктерге тоқталды.

— Бүгін ел экономикасының дамуында үлесі ерекше, Орта Азия қақпасы атанған Арыс қаласына өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Тоғыз жолдың торабында орналасқан теміржолшылардың қаласы бұрыннан белгілі. Өзіндік даму жолы бар облыстағы ірі аймақтардың бірі. Сіздерге осы есепті кездесуге өз уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге алғыс айтамын.
Биылғы наурызда өздеріңізбен осында кездескен кезде, қаланы дамытуға септігі тиетін 12 маңызды мәселе көтерілген болатын. Басым бөлігі жүзеге асты. Өздеріңіз көтерген мәселелерді түпкілікті шешу үшін арнайы іс-шара жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде,-деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Арыс қаласына 56 млрд. теңгеге инвестиция тарту көзделіп отыр. Соның нәтижесінде 42 инвестициялық жоба іске асырылып, мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Табысты жобалар мен инвестициялар үшін тартымды қалаға айналып келе жатқан Арыс қаласында биылдың өзінде 19,4 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жоба іске қосылмақ. Соның нәтижесінде, жаңадан 354 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Бұл — Арыс қаласының — инвестор үшін игілікті өңірге айналғанының тағы бір дәлелі. Дархан Сатыбалды туған жерді түлетуге атсалысып жатқан демеушілерге алғыс айтып, оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Арыста жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен 432 млн теңгеге түрлі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді. Мәселен, жеке кәсіпкер Шағыр елді мекенінде аумағы 2,5 мың шаршы метрді құрайтын спорт және балалар алаңшасын сыйға тартқан. Таптырмас спорт нысанының жалпы жалпы құны 30 млн. теңге.

Талдықұдық елді мекенінен тағы бір демеуші есебінен құны 5 млн. теңгеге спорт алаңшасы салынды. Ал қала орталығынан жеке кәсіпкер 280 млн теңгеге жаңа саябақ құрылысын жүргізіп жатыр. Демалыс аймағында аптап ыстықта жанға сая болар 450 түптен астам ағаш отырғызылған. Сонымен қатар жарықтандыру мен суару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Және тұрғындар үшін заманауи, жаттығу құрылғылары бар спорт алаңы салынды. Бұған қоса балаларға арналған екі ойын алаңы орнатылған. Саябақ толық абаттандырылған.

Демеушілер тарапынан жүзеге асырылатын тағы бір жобаның бірі – заманауи спорт кешені. Биыл құрылысы басталған кешеннің жалпы құны 100 млн теңгені құрайды. Мұнда бір мезетте 100-ден аса бала түрлі спортпен шұғылдануға мүмкіндік туады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


АРЫС СТАНОВИТСЯ ПРИВЛЕКАТЕЛЬНЫМ ДЛЯ УСПЕШНЫХ ПРОЕКТОВ И ИНВЕСТИЦИЙ ГОРОДОМ

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды встретился с жителями города Арыс. На встрече он подробно рассказал о реализуемой в регионе работе и поделился планами. Глава региона рассказал о проделанной работе по привлечению инвестиций в Арыс.

— Сегодня я специально приехал в город Арыс, чтобы встретиться с вами и вместе обсудить важные вопросы. Город вносит свой вклад в развитие экономики страны и является воротами Средней Азии. Это город железнодорожников, расположенный на стыке девяти дорог. Одна из крупнейших территорий области, имеющая свой путь развития. Я благодарю вас за то, что вы нашли время для этой встречи.
В марте этого года, когда мы встречались здесь, были подняты 12 важных вопросов, способствующих развитию города. Большая их часть реализована. Для окончательного решения поставленных вами вопросов разработан специальный план мероприятий, ведется системная работа, — сказал аким области Дархан Сатыбалды.

В город Арыс будет привлечено 56 млрд тенге инвестиций. Ожидается реализация 42 инвестиционных проектов и создание более тысячи новых рабочих мест.

Арыс становится привлекательным для успешных проектов и инвестиций городом. В этом году планируется запустить 20 инвестпроектов на 19,4 млрд тенге. В результате будет создано 354 новых рабочих места. Это еще одно свидетельство того, что Арыс привлекает инвесторов.

Дархан Сатыбалды поблагодарил спонсоров, принимающих участие в развитии родного города, и отметил, что им будет оказана всесторонняя поддержка.

В Арыси за счет местных предпринимателей реализуются различные социальные проекты на 432 млн тенге. Так, индивидуальный предприниматель подарил населенному пункту Шагыр спортивную и детскую площадки площадью 2,5 тысячи квадратных метров. Общая стоимость спортивного объекта — 30 млн тенге.

За счет еще одного спонсора в населенном пункте Талдыкудык построена спортивная площадка стоимостью 5 млн тенге.

А в центра города индивидуальный предприниматель строит новый парк стоимостью 280 млн тенге. В зоне отдыха высажено более 450 деревьев. Система освещения и полива полностью автоматизирована. Для жителей здесь построена современная спортивная площадка с тренажерами, установлены две детские площадки. Парк полностью благоустроен.

Еще один проект, реализуемый спонсорами, – современный спортивный комплекс. Общая стоимость объекта — 100 млн тенге. Здесь одновременно смогут заниматься различными видами спорта более 100 детей.

Пресс-служба акима Туркестанской области

АРЫСТА БІРЕГЕЙ ТРАНСПОРТТЫҚ-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНУДА

Алдыңғы

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *