АймақӘлеуметЖаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТАЗАРТҚЫШ ИМАРАТТАРЫ» ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Сайрам ауданында орналасқан «Сайрам ауданы Ақсукент ауылының тазартқыш имараттарын қайта құру» нысаны пайдалануға берілді. Осы орайда Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен пресс-турда бір топ БАҚ өкілдері аталмыш нысанның жұмыс барысымен танысты. Нысанның құрылысы «ХМСУ Шымкентмелиорация» ЖШС тарапынан 2017 жылы басталған. Алайда, мердігер мекеменің кейбір жұмыстары бекітілген талаптарға сәйкес болмағандықтан нысан қабылданбаған. Жобаның негізгі мақсаты — Ақсу ауылындағы көпқабатты үйлерден шығатын шайынды суларды сүзгіден өткізіп, егістікке ағын су етіп жіберу.

Қазіргі таңда нысандағы сүзгілердің жұмысы мен құрылыс жобасының талаптарына сай болуы аудан басшысы Арман Сәбитовтың тікелей бақылауында. Сондай-ақ, нысандағы кемшіліктер мердігер мекеме тарапынан жойылып, бір айдың ішінде өз жұмысын бастап кеткен.

«2017 жылдан бері ауданымыздағы тазартқыш нысанның жобалық сметалық құжаттамасында ауытқу болғандықтан нысан қабылданбай келген. Және кемшіліктері жайында бірнеше рет сотқа жүгінген. Салдарынан нысан жұмысы бүгінге дейін пайдалануға берілмей келді. Осыдан бір ай бұрын облыс әкімі Дархан Сатыбалды нысанның жұмыс барысымен танысып, тиісті мердігер мекемеге ақауларды қалпына келтіру үшін бір ай мерзімге тапсырмалар берген болатын. Бір айдың ішінде тиісті құзырлы мекемелермен бірлесіп жұмыстар атқарылды, тиісті хаттар келді. Енді бұл нысан жеке өзімнің бақылауымда болады. Сонымен қатар, мердігер тарапынан егер қандайда бір қиындықтар туындап жатса, қайтадан орнына келтіруге бес жылға дейін кепілдік бар»,- дейді аудан басшысы Арман Сәбитов.

Айта кетсек, Қарабұлақ елді мекеніне Ақсу ауылындағы көпқабатты 54 үй мен кәсіпкерлік нысандардан шығатын шайынды сулардың қайта өңдеп, ауыл шаруашылық мақсатындағы егін алқаптарына жіберу болып табылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫНЫҢ АЛТЫНШЫ БАҒЫТЫ, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨЗ КӘСІБІН АШУ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Алдыңғы

АУДАНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *