Полиция департаментінің ғимаратында облыс аумағында орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша ауқымды жиын өтті. Іс-шараға Түркістан облысы ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев төрағалық етті. Сондай-ақ шараға облыс прокуратурасы, «ҚазАвтоЖол», «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» басқарамасы, «Адами әлеуетті дамыту» басқармасы, «Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер» басқармасы, «Қоғамдық даму» басқармасы, Ақпараттық ресурстар және БАҚ бөлімі, «Көліктік бақылау инспекциясының» басшылығы қатысты. Жиналғандар Түркістан облысы әкімімен 2022 жылдың қазан айында бекітілген «Түркістан облысының жол жүрісі қауіпсіздігін арттыру жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы» жоспарын іске асыру бағытындағы жұмысты жандандыру атап өтті. Яғни жол апаттарын болдырмау үшін ұйымдастырылатын іс-шараларды айқындау, көрсетілген Жол картасына қосымша өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Кездесу кезінде мекеме басшыларының аталған жоспарға сәйкес ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалып, хаттамалық шешім дайындалды.
Мұндай тиісті сала мамандарының кездесуінің негізгі мақсаты – жол бойында орын алатын оқыс оқиғалардың алдын алуда халыққа түсіндірме жасай отырып, оны болдырмау бойынша бірлесіп қызмет ету.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Comments