Созақ ауданындағы Созақ ауылында заман талабына сай жабдықталған 1000 орындық спорт алаңының құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.
Бүгінде құрылысқа қажетті жабдықтар толықтай жеткізіліп, жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Нысанның құрылыс жұмыстары өндірістік кестеден кешікпей, белгіленген уақытта аяқталады деп жоспарланып отыр.
Осы ретте аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құрылысы жүріп жатқан аумаққа арнайы барып, жұмыстың сапасын назарға алды. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, құрылыс сапасына баса мән беру керектігін ескертті.
Сапар соңында жауапты бөлімге жасалып жатқан жұмыстарға тиянақтылықпен қарап, бақылауда ұстауды тапсырды.
Comments