«AMANAT» партиясы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында Halyk Bank-пен бірге «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру.
Оқу бағдарламасы бойынша мынадай санаттағы азаматтар:
1. Несие бойынша қарыздары бар және борышкерлер тізіміндегі адамдар;
2. Дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бірақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ адамдар;
3. Жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қамтылды.
Бұл оқыту семинарына Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылдық округінің 100-ден астам тұрғыны қамтылып, семинар сабақтарына үздіксіз қатысып, белсенділік танытқан тұрғындарға сертификат берілді.
Оқудың сертификатын тапсыру рәсіміне “AMANAT” партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Е.Исақұлов,
«АMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Е.Исақұлов жобаға қатысқан тұрғандардың өз қаржысын тиімді басқаруды, жалпы шығындарды есептеп оларды жүйелеуді, алаяқтық әрекеттердің белгілерін және олардан құтылу жолдарын үйреніп, қаржылық сауаттылықтарын арттырғанына сенімді екенін жеткізді.
Бұл жоба Қызылқия ауылында жалғасуда, ауданымыздың тұрғындарын аталған жобаға қатысып, қаржылық сауаттылығын арттыруға шақырамыз!
Comments