Жаңалықтар

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ОҚУ СЕМИНАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы мен «Халық Банкі» АҚ-мен қолға алған «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы жалғасуда. Сайрам ауданы, Көлкент ауыл округінде өткен оқу семинарының үшінші легі өз мәресіне жетті. Пилоттық жобаға 100-ден аса жуық ауыл тұрғындары қатысты. Оқу семинарын сәтті аяқтаған тұрғындарға аудандық мәслихат депутаты Курбанов Ирисдавлатпен бірге ауыл әкімі Юлдашов Уткиржон сертификат табыс етті.
Жобаға қатысушылар, өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды үйренеді. Олар қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екенін білетін болады. Қаржы мамандарының дәрісінен бөлек, қосымша оқу процесіне қатысушыларға заңгерлік көмек көрсетіледі. Олар әр қарыз алушының несие тарихын жеке-жеке зерттеп, қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша тәжірибелік кеңес береді және бизнес жоспар жасауға көмектерін көрсетеді. Оқыту жұмысы жыл соңына дейін жалғасады. Кез – келген оқуға ниет білдірушінің жобаға қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін тұрғылықты жерде орналасқан «AMANAT» партиясының аудандық филиалына хабарласып, тіркелуі қажет.

«Халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды»,- деді Президент

Алдыңғы

Шымкентте “Агрохимиялық зерттеу зертханасы” ашылды

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *