5 маусым күні, Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылында «AMANAT» партиясы, Halyk bank-пен бірге “Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында оқу семинары басталды. Пилоттық жоба аясында басталған оқыту семинарына 100-ге жуық ауыл тұрғыны қатысты.
Жобаның негізгі мақсаты- жеке тұлғалар арасында проблемалық берешегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Семинарды жүргізген қаржы сарапшысы Әзімбай Жандос Бекенұлы ауыл тұрғындарының сұрақтарына әр түрлі өмірлік мысалдарды келтіре отырып, жауап берді.
Облыс тұрғындарына қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан сарапшылар қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтықтардың әрекетін қалай анықтауға болатынын және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екенін түсіндіруде.
Тұрғындардың қаржылық сауатын арттыруға атсалысып жатқан қаржылық сарапшы қаржы мәселесі қалай пайда болатынын, дәл қазіргі уақыттағы несие қарызының санын қалай азайтудың қандай жолдары бар екенін, алаяқтық әрекетті анықтау жолдарын және қаржы пирамидасынан қалай аулақ болу керек екенін түсіндіруде.
Қаржылық сауатын арттыру оқуына қатысушылар арасында көпбалалы аналар, жұмыссыздар, кәсіпкерлер, бюджеттік сала қызметкерлері, өзін – өзі жұмыспен қамтығандар, бала күтімімен отырған аналар бар.
Comments