БілімҚоғамМәдениетРуханият

Оңтүстік мәдени-географиялық аймағының Қазақстан туристік әлеуетін көтерудегі маңызы

«Рухани жаңғыру» идеясы қалыпты іс-шараларды жаңа қырынан тануға, қазақ халқының салт-дәстүрі мен рухани байлықтарын қайта жандандыруға бағытталған. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу» деген салиқалы байламы қазіргі қоғамда «Туған жер» басымдығы бойынша ұлтымыздың, ұрпақтың патриоттық ұстанымын нығайтып, қасиетті жерлердің танымалдылығын арттыра отырып, оларға деген қарым-қатынасты өзгертуге бағыталған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты бағдарламасының бастау алуына негіз болды. Ұлттық тарихи-мәдени құндылығымызды дәріптеу бағытында туризм инфрақұрылымын дамыту үшін қолға алынған Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі қалыптасып, Қазақстанның 100 киелі нысаны картасы жасалды. Қасиетті орындарды обьектілерді анықтауда олардың өткен тарихы мен қазіргі қоғамда алатын рөлі бойынша бірнеше критерийлер негізге алынған. Ең алдымен ол көпке танымал діни-мәдени құрылыстар және де ерте заманнан бері сиынатын танымдық басқа да обьектілер. Келесі категорияға қоғам санасында берік қалыптасқан обьектілер мен орындар, ол танымал тарихи оқиға, тұлғалармен байланысты. Сонымен қатар сакральды болып халық мойындаған жерлер, яғни белгілі бір уақытта рәсімдер мен ритуалдар орындайтын орындар, діни көзқарас, дүниетаным,қазақстардың өмір салты жатады. Сакральдыға сонымен бірге қазірге зерттелмеген, белгісіз адамға оның көңіл-күйіне позитивті түрде ықпал ететін нақты кеңістікті жатқызуға болады. Бұл еліміздегі қасиетті орындар тізімін құруда, ұлттық символикаға лайықты бола алатындай және елбасының ұсынған жобасының ғылыми қамтылуына өте маңызды. Жоба аясында оңтүстік өңірінің ғалым,тарихшы, өлкетанушы, археологтарымен жасақталған ғылыми топ облыстағы қасиетті және киелі жерлердің тізімін анықтап, өңірлік карта дайындады. Бүгінде облыста тарихи-маңызы бар 1281 ескерткіш есепке алынды. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне 2003 жылы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі сәулеттік ескерткіші енген. Бүгінгі таңда Қазақстан тарапынан осынау тізімге енгізу ұсынылған 23 ескерткіштің 8-і Түркістан облысынан. Олар — Жуантөбе, Қараспантөбе, Күлтөбе, Сидақ, Сауран ежелгі елді мекендері, Бөржар қорымы, Отырар оазисінің ескерткіштері, Түркістан қалашығы. «Қасиетті Қазақстан» орталығы тарапынан республика бойынша ұсынылған нысандардың ішіннен 100 нысан іріктеліп алынды. Оның ішіне Түркістан облысы бойынша 23 нысан еніп отыр. Атап айтқанда 12 сәулеттік 24 археология, 42 зиярат ету орындары, 4 тарихи тұлғалар және саяси оқиғалармен байланысты орындар, 22 табиғи-ландшафтты нысандар. Соңғы жылдары Қазақстанда ішкі туризм қарқынды дамуда. Статистикалық мәліметтер бойынша өткен жылғы ішкі туризм қозғалысы ел ішінде саяхат жасаушылар есебінен алдыңғы жылмен салыстырғанда 10% -ға артқан. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Туризмнің маңызы жылдан — жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істейді.

Елбасының сөзімен айтқанда, «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі». Еліміздің экономикасын дамытуда ішкі туризмді қолға алудың маңызы зор.. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен әлеуметтік-саяси өміріндегі маңызды орын алатын ұлттық бірлік пен жаңғыру нышаны ретіндегі нысандар, сондай-ақ ұлттық бірлік пен жаңғыру символы ретінде көрінетін мемлекеттің әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды орын алатын нысандар мен кешендер көрсетіліп отыр.

Елбасының аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Терең білімді жастар – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Сондықтан туризм саласы дамыған мемлекеттер сияқты, Қазақстанның туризм саласын әлемдік деңгейге дамыту, біздің және болашақ білімді, терең ойлы, еліне деген патриоттық сезімі жоғары жас мамандарды дайындауда М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің «Халықаралық туризм және сервис» кафедрасының орны ерекше деп айтуға болады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша әрбір оқу жылында студенттеріміз бір семестрлік оқуын Польша мемлекетінде экономикалық универстетінде, Латвия мемлекетіндегі «Туриба» универсиетінде білімдерін ұштастырып отырады. Біздің студенттеріміз тек оқу процесімен айналысып қоймай, жақсы демалыстар ұйымдастырып отырады. Мысалы Сайрам-Өгем, Сырдария-Түркістан ұлттық саябағында, Машат шатқалында экскурсиялар ұйымдастырып отырады.

Заман талабына сай туризм саласының білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды дайындауда кафедраның білікті, тәжірибелі оқытушы-профессорлар құрамы студенттерге аянбай тәрбие мен білім беруде еңбек етіп келеді. Біздің облысымызда ғана емес, елімізде орны ерекше, беделді оқу орындарының қатарында тұрған М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті білімді бәсекеге қабілетті маман дайындауда, оқу үрдісіне кредиттік технология және дуалды оқыту жүйесі бойынша оқу процесін жүзеге асырып келеді. Атап айтқанда «Риксос Хадиша Шымкент» қонақүйінде студенттер дуалды оқыту жүйесі бойынша теория мен практиканы ұштастыруда. Соның нәтижесінде бәсекеге қабілетті мамандарды әзірлеу осыны айғағы. Республика және облысымдағы туристтік кәсіпорындарымен тығыз байланыста жұмыс жасауда, сонығ нәтежесінде біздің бітіруші түлектерге қызмет көрсету саласы кәсіпорындарынан сұраныс жыл сайын артып отырады. «»Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарын бітірген біздің түлектер, төрт жыл бойы алған білімдері мен тәжірибелерін Қазақстанның туризм саласын әлемдік деңгейге көтеруге өз үлестерін қосуда.

Қасиетті орындар — біздің ұлттық бірегейлігіміздің қаңқасы. Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік. Мемлекет халықтың ортақ үйі, сол үйді күтіп баптайтын, рухын сақтайтын, қорғайтын адам мемлекеттен, қоғамнан бөлінбейді, мемлекетінің мүддесінен, төл мәдениетінің болмысынан қол үзбейді. Керісінше мемлекеті, халық үшін, ұрпақтың келешегі үшін заманның талабын зерделеп, одан өтудің жолын білімімен іздейді. Адамды, халықты бұндай дәрежеде ойлауға жетелейтін ұлттық сана. Ұлттық сана елдің тархы мен мәдениетіндегі тәжірибелер арқылы ұрпақтың уақытымен үйлессе елдің тұтас ұлттық зердесі қалыптасады немесе заман талабына сай өрісін кеңейте түседі. Бұндай ұлттық сананың құбылысы тарихымызда үнемі өзінің танымдық қызметін атқарып отырған.

Бүгінгі таңда өңірде қазіргі замаңғы туризм тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастады. Оңтүстік облыстардағы көнеден келе жатқан белгілі табиғи және тарихи мұраларымызды ғылыми-географиялық тұрғыдан зерттеп, оларды ұлттық мақтанышымыз ретінде жас ұрпаққа патриоттық, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, оңтүстік өңірдің тарихи,қасиетті, киелі орындарымен таныстырып географиялық ерекшеліктерімен, ұлттық құндылықтарымен және әсем табиғатымыздың кереметтерін насихаттап, ішкі туризмнің дамуына алғышарт ретінде пайдалануға болатынына көз жеткіземіз. сынау рухани тарихи-географиялық нысаналардың ғылыми және тәрбиелік маңыздылығы жергілікті мекен еткен халықтың жадысында ешқашан үзілмеген. Тарихымызда осынау көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісі бұрын-соңды жасалған емес. Мәселе еліміздегі ескерткіштерді, ғимараттар мен көне қалаларды жас ұрпақтың біліп өсуімен қатар, Елбасымыздың идеясының түпкі төркіні тарихи Түркістан төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, бүкіл Қазақстанға белгілі қасиетті Қазығұрт тауының төңірегіндегі және оңтүстіктің басқа да киелі мекендері мен қатар басқа да қасиетті және киелі жерлерін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды көздейді. Аталған обьектілердің картасына сүйене отырып туристік маршрут жасаған жағдайда, тек қана ішкі туризмді ғана емес, сонымен қатар кіру туризмін дамытуға мүмкіндік туады. Туризм- мемлекет жарнамасы. Тарихи — танымдық тағылымы мол асыл мұрамыз дүние жүзі бойынша туристер үшін тартымды елге айналдыруға болады.

Рамашова Айсулу Нурмамбековна,

      «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті.

Рамашов Олжас Нурмамбекович,

     «Мемлекеттік құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушысы.

 

 

 

 

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: АЗАМАТТАРДЫҢ ӨМІРІН ЖАҚСАРТУ — НЕГІЗГІ МІНДЕТ

Алдыңғы

“Қарызсыз қоғам” атты қаржылық сауаттылықты арттыру семинары Ордабасы ауданының Қажымұқан және Шұбарсу ауыл округінде

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *