Қоғам

Бізді бірлік біріктіреді

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеяның XXXII сессиясында этносаралық қарым-қатынас саласында атқарылатын ауқымды жұмыстардың басты басымдықтарын айтты. Бейбітшілік пен бірліктің маңыздылығына айрықша тоқталды.

ҚХА Төрағасы өз сөзінде: «Халқымыз бірліктің және тыныштықтың қадірін біледі. Бұл – небір қиын-қыстау заманды өткерген, қазақ жерінен пана тапқан барша этностар үшін де қымбат құндылықтар. Осы құндылықтарды бағалай білгеннің арқасында жұртымыз бейбіт өмір сүріп жатыр. Бұл – теңдессіз жетістік!», деді.

Бүгінде елімізде болашағын Қазақстанмен байланыстырған әрі өзін осы елдің азаматы санайтын этнос өкілдері ғана қалды. Қалғаны тарихи отанына қоныс аударды.

Біздің заң нормалары ешкімді тіліне, түріне, діни наным-сеніміне қарап қаралауға жол бермейді. Керісінше, барлық этнос өкілдерінің мәдениеті мен тілін, салт-дәстүрін сақтап, ұстануға тең мүмкіндік жасалған. Қазақстанның қоғамдық келісім мен жалпыұлтық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаты ТМД елдері аумағындағы тұғыры биік және жан-жақты сараланып, қабылданған саясат екенін естен шығармауымыз қажет.

Бізде бір ғана жол бар – ол берекелі бірлік жолын жалғап, ортақ Отанымыз – Қазақстанның иігілігі үшін еңбек ету. Татулық пен ынтымақ қана бізді ортақ мақсат-мұратқа жеткізеді.

Латипша Асанов,

Шымкент қалалық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Бірлікті нығайту әрқайсымызға міндет

Алдыңғы

Құндылық – тұғырлы татулық

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *