ЖаңалықтарЖастар саясатыҚоғамМәдениетРуханият

ӘКІМДЕРДІ САЙЛАУ – ДЕМОКРАТИЯҒА ҚАДАМ

Ауыл әкімдерінің 64 пайызы жергілікті жұрттың тікелей сайлауымен қызметке келді. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Қоғамды демократияландырудың маңызды институты – сайлау. Әкімдерді сайлау халықтың ерік-жігерін білдіру, оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысандарының бірі.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың жаңа бастамасының бірнеше ерекшелігі бар. Бұған дейін ауыл әкімдері жергілікті мәслихат депуттарының ше¬шімі арқылы сайланып келген. Енді аудан және облыстық маңызы бар қала басшыларын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықтамақ. Жалпы, дамыған елдерде мұндай тәсіл бұрыннан бар. Мәселен, АҚШ-та губернаторлар, қала мэрлерінен бөлек, елді мекендердің басшыларын дауыс беру арқылы анықтайды.
«Жергілікті депутаттар аймақтағы тексеру комиссияларымен тығыз қарым-қатынас орнатуы керек. Бұл комиссиялардың рөлі едәуір артып, жауапкершілігі күшейтіледі. Алдағы екі жылда пилоттық жоба ретінде аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді. Осы орайда қажетті нормативтік базаны және жол картасын әзірлеу қажет. Үкімет бұл жұмысты Орталық сайлау комиссиясымен және облыс әкімдерімен бірлесіп жүргізеді. Біз қоғамды демократияландыру және билік құзыреттерін төменге беру үдерісін жалғастырамыз. «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңның қабылдануы бұл бағыттағы тағы бір маңызды қадам болмақ. Қазір тиісті заң жобасы Мәжілісте талқыланып жатқанын білесіздер», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бізге Қазақстанның табысты дамуы үшін біртіндеп және кезең-кезеңмен жүргізілетін реформалардың эволюциялық жолы қажет. Мұндай уақытта Қазақстанға ел тағдыры үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын көшбасшы қажет. Сондықтан, Қазақстан азаматтары Президент төңірегінде бірігіп, онымен бірге уақыттың барлық сын-тегеуріндеріне абыроймен және жауапкершілікпен жауап беруі керек.
Президент бүгінгі маңызды жиында ауыл әкімдерінің басым бөлігі сайланғанын айтты.
«Ауыл әкімдері күн сайын тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мәселелерін шешеді. Сондықтан олар елімізде айрықша рөл атқарады. Ауыл әкімдерінің 64 пайызы жергілікті жұрттың тікелей сайлауымен қызметке келді. Мұны, шын мәнінде, зор жетістік деуге болады. Тұрғындардың мәселесін жедел әрі тиімді шешу үшін оларға көбірек мүмкіндік беріліп жатыр. Бұл жұмыс та жалғасын табады», — деді Мемлекет басшысы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдерді сайлау туралы бастамасы өте дұрыс шешім деп есептеймін. Бұл қадам тұрғындардың еліміздегі саяси ахуалға белсене араласып, мемлекеттің дамуына үлес қосуына септігін тигізбек.
Қайрат Зайнишев,
«Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы

«ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ КРИТЕРИЙЛЕРІ ЖАРИЯЛАНДЫ

Алдыңғы

ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАР ЖҮЙЕЛІ ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *