АймақҚоғам

АДАМДАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ ТИІС

Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.

Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесі.

Әрбір төтенше жағдайдың өз ерекшеліктері мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылатын шаралардың нақты тізбесі бар. Сонымен қатар төтенше жағдайлар болған ретте адамдарды қорғау үшін қолданылатын іс-қимылдың жалпы жиыны болады, оған күнілгері және төтенше жағдай болғанда тікелей жүргізілетін шаралар қамтылады. Күнілгері жүргізілетіндері: берілген аумақта болуы мүмкін төтенше жағдайды болжамдау, ықтимал төтенше жағдайлардың шығындарын азайтуға бағытталған шаралар, төтенше жағдай орын алған кезде жүзеге асырылатын іс-қимылды жоспарлау, төтенше жағдайларда қолданылатын күш пен құралды дайындау, халыққа төтенше жағдайлардағы құлық ережелерін үйрету, төтенше жағдайларда болуы мүмкін материалдық қор жасау.

Халыққа хабарлау дегеніміз — су басу, орман өрті, зілзала, тасқын не басқадай дүлей апат туралы ескерту, болған апат не алапат туралы ақпарат жеткізу. Бұл үшін байланыс, радио және теледидар құралдарының барлығы қолданылады. Уақыт – басты фактор. Төтенше жағдайларда оны зая жібермеу керек. Адамдардың тағдыры осыған көп байланысты. Қазақстан Республикасындағы радиотрансляция жүйесі кең тараған. Радиотрансляция торабы жоқ бірде-бір қала, ірі елдімекен жоқ. Кәсіпорындардың, оқу орындарының көпшілігінің өз радиоторабы бар.

Оқу орындарындағы АҚ — тың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады. Олар зардап шеккендерді іздестіру үшін, оларды үйінділер астынан және зақымдану ошағынан алып шығуға; үйінділерді тазалауға; құлап жатқан қорғаныш құрылыстарын ашуға; зақымданушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін тағайындалады.

Елімізде 1-наурыз Азаматтық қорғаныс күні болып бекітілгелі жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Осы мақсатта Шұбар ауылында орналасқан №18  колледжде «Азаматтық қорғаныс» күні алдын алу шаралары өткізіліп келеді. Әрине, ондағы мақсат — студенттерді төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайда  көмек көрсетуге, қажырдылыққа, бір- бірін қолдауға, жауапкершілікпен орындауға бейімделуін қалыптастыру. Айтулы шараға студенттер белсенді түрде қатысуда.

Тойжан УТЕЛБАЕВ,

№18 колледж АӘ және ТД жетекшісі.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ,

Түркістан облысы

Түркістан облысында өндірісте жұмыс істеуге 40 тәлімгер дайындалады

Алдыңғы

ТҮРКІСТАНДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ОРАЙ «ДАҢҚ» ЗАЛЫ АШЫЛДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *