Түркия еліндегі жер сілкінісі әлем халықтарының ортақ қайғысына айналғаны белгілі. Ал бауырлас қазақ халқына тіпті ауыр тиді.
Мемлекет басшысының бастамасымен 100-ден құтқарушы мен дәрігер Түркияның зілзала болған қалаларына аттанды.
Сондай-ақ, еліміздің әр өңірінде гуманитарлық көмек жинаушылар саны артып келеді. Соның бірі — Түркістан қаласындағы Халықаралық «Turkistan» әуежайы. Мекеме Түркияның Ыстамбұл қаласына 10-11 ақпан күндері арнайы гуманитарлық рейс ұйымдастырып отыр. Кез келген азамат өз мүмкіндігінше көмек бере алады. Ол үшін ересектер мен балаларға арналған жылы қысқы киімдер, көрпе-төсек, тұрмыстық заттарды «Turkistan» әуежайына әкелуі қажет.
Гуманитарлық көмектің жалпы салмағы — 2 тонна. Әуе рейстерін «Fly Arystan» және «Turkish Airlines» компаниялары орындайды. Қаржылай көмек беремін деушілерге айта кетсек, каспий нөмір мен байланыс нөмірі: 8 702 165 25 67 Шынболат.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments