ЖаңалықтарҚоғам

Ұлуды серік еткен қаратал қызы !

«Қалауын тапса, қар жанады» демекші, қазір табыс табудың түрлі жолы бар. Айталық, дәстүрлі емес терапияны кәсіп етіп, табыс көзіне айналдырып отырғандар қаншама. Бірі ара өсіріп, балын сатып, уымен адам емдеп, апитерапияға маңыз беруді жөн санаса, көптеген салондарда сүлікпен емдеу, яғни гирудотерапияның барын білеміз. Терапия түрлерін тізбелесек, барған сайын ем түрі экзотикалық бола берері анық. Сіз кішкене ұлудың көмегімен сұлу болып жүруге болатынын сіз білесіз бе? Білмесеңіз біз айтайық бүгінгі біздің кейіпкеріміз «Бастау-Бизнес» жобасының түлегі, 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың иегері, Жетісу облысы Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының түрғыны, Нагметова Гүлжанат Қанатбайқызы әңгімемізге арқау болған косметология саласында соңғы кезде трендпен сәнге айналған, тіпті кезінде ежелгі Мысыр мен Вавилонда мәңгілік символы деп санаған, қыз – келіншектердің бет күтімінің ешбір химиясыз табиғи жолмен жасалатын жолдарының бірі «ҰЛУ» терапиясы. Ағымдағы ақпан айының 7 күні Атамекен ҰКП Жетісу облысы, Қаратал ауданы филиалының директоры Құсайынов Фархат ерекше кәсіп иесіне арнайы барып сұлулықтың қыр – сырын біліп қайтты.

Гүлжанат Қанатбайқызынның айтуынша:

— Қазіргі кезде көбісі беттегі безеуден қысылатыны анық, ал қыз-келіншектер болса мұндайды жасыру үшін қабаттап тональды крем жағады. Бұл сырт қарағанда әдемі көрінуі мүмкін, әрине. Дегенмен уақыт өте келе бұл бет терісінің бұзылуына әкеп соқтыратыны белгілі. Ал ұлу терапиясы беттегі безеуден арылуға, сонымен қатар безеудің орны қалған жерді кетіруге көмектеседі. Өзім бетке тонналап бояу жаққаннан гөрі, табиғи сұлулықты сақтап қалуға мән беремін.. Инернеттен африкалық ахатина ұлуы арқылы жасалынатын «ҰЛУ» терапиясы туралы біліп қызықтым. Ұлу терапиясымен жақынырақ танысып оқып білу жолында көп іздендім, — дейді.

Фархат Қүсайынов болса:

— Әлемдік косметологияда ұлу терапиясы, яғни ұлумен емдеу талай жылдан бері қолданылып келсе, ал біздің елде beauty-салондар бұл қызмет түрін шамамен 2016 жылдан бері ұлутерапиясымен бет терісін айналысуды қолға ала бастапты. Соңғы жылдары шетел ғалымдары ұлулардың қартаюды тежейтін қасиеті барын да анықтапты. Ал ұлутерапиясы адам терісінің мәңгі мінсіз, жас қалпында тұруына ықпал ететінін ескерсек, жас әрі сәнге айнала бастаған бұл әдіс косметология саласына әлі де тың жаңалық алып келері анық, — дейді.

Тұран ауданы округтік сайлау комиссиясының отырысы өтті

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 941 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *