Жаңалықтар

КОММУНАЛДЫ ПӘТЕРДІ ҚАЛАЙ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУГЕ БОЛАДЫ?  

Коммуналды тұрғын үй қорынан берілген үйлерді жекешелендіру қызметі «Электронды үкіметтің» www.egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Тиісті құжаттар да осы порталда қабылданады.

Ол үшін қызмет алушы құжаттарын порталда электронды-цифрлы қолтаңбасымен (ЭЦП) бекітіп, электронды түрде тапсырады.

Жалпы, 2022 жылы 283 азаматтан мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған үйлерін жекешелендіруге өтінім түсіп, тиісті қызмет көрсетілді. Оның ішінде 207 азамат баспана құнының қалған сомасын төлеп жекешелендірді, бюджетке 727,2 млн теңге қаржы түсті. Ал 65 азаматтың пәтері меншіктеріне құны өтеусіз беріліп, 11 азаматтың пәтерін жекешелендіруден бас тартылды. 20 азаматтың құжаты биыл қаралуда.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІСТІ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ЖІБЕРУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ

Алдыңғы

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРГЕ ТАПШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛГЕН ЖОҚ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *