Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиында Шымкенттегі қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың қызметін арттыру, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Шаһар басшысы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала аумағында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы штаб мүшелерінің мәлімдемелерін тыңдады.
Сондай-ақ, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы мекемелердің жұмысына қадағалау жүргізіп, ауа райының қолайсыздығы орын алған кезде жедел әрекет етіп, қала тұрғындарына жайсыздық туғызбау қажеттігін және апатты жағдайға жол бермеу керектігін қатаң ескертті.
Қазіргі кезде мегаполистегі 5 ауданда қар тазалау бойынша 162 техника тұрақты жұмыс жасауда және жылу жүйелеріне мониторинг жүргізіліп, оперативті жөндеу жұмыстарын атқаратын 9 учаске қызмет етуде. Арнайы 36 бригада жасақталған.
Атап айтқанда, электр қуатымен қамтамасыз ететін «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 26, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы 10 бригада жұмылдырып отыр. Барлығы кестеге сәйкес жұмыс атқаруда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Comments