БілімЖаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНЕН ЖАҢАДАН 15 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ 

Биыл Шымкент қаласында инвесторлардың есебінен жаңадан 15 мектеп ашылады деп жоспарланған. Онда барлығы 11 мың 810 оқушы білім алмақ. Аталған мектептердің барлығы қазақ тілінде оқытатын мектептер болып ашылады. Бұл туралы шымкент қаласы әкімдігінің білім басқармасынан хабарлады.

Басқарманың мәліметіне қарағанда, жаңадан ашылатын мектептердің барлығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің аясында жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Яғни, жекеменшік мектептер мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып, ата-аналар үшін тегін болады. Нәтижесінде Шымкент қаласында биыл үш ауысыммен жұмыс істейтін мектеп мәселесі толығымен шешіледі.

Айта кетейік, өткен 2022 жылы Шымкент қаласында тап осындай жүйемен жұмыс істейтін 41 мектеп пайдалануға берілген. Бұл мектептер жалпы 24 800 оқушыға арналған. Өткен жылғы ашылған 41 мектептің 34-і (21 400 оқушы) таза қазақ тілінде білім берсе, қалған 7-еуі (3 400 оқушы) аралас мектептер екен.

Осылайша бүгінде Шымкентте жұмыс істеп тұрған мектептердің саны 246-ға жетіп отыр. Оның 151-і мемлекеттік мектептер болса, жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін жекеменшік мектептердің саны 95-ке жеткен.

Сонымен қатар бүгінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 579-ға жетіп отыр. Оның ішінде 71 мемлекеттік бөбекжай бақшасы болса, жекеменшік балабақша саны 508-ге жетіп отыр. Бұл балабақшаларда 69 063 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Оның 18 455-і мемлекеттік, ал, 50 608-і жекеменшік балабақшаларда екен.

«Шымкент келбеті»

ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАЙДЫ

Алдыңғы

ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ОҢ КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *