Қоғам

ТУҒАН ЕЛДІҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ТҰТАСТЫҒЫН ҚОРҒАУ – БӘРІМІЗДІҢ ПЕРЗЕНТТІК ПАРЫЗЫМЫЗ  

Биылғы қаңтар айының басында еліміздің бірқатар ірі елдімекендерінде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер бүкіл қоғамды дүр сілкіндіруінің салдарынан халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатерге душар болды. Мемлекетіміздің тұтастығы мен егемендігіне зор қауіп төніп, береке-бірлігіміз бен қол жеткізген жетістіктерімізден айырылып қала жаздадық.

Ел басына түскен қиын-қыстау күндері барлық қазақстандықтың тыныштығын,Тәуелсіздігімізді және мемлекеттің тұтастығы мен мызғымастығын қорғап қалудың қаншалықты маңызды екендігін терең түсіндік. Қаңтардағы қасіретті оқиғалардан сабақ алып, шыңдалып, ел және қоғам болып Ел Президентінің айналасына топтасу арқылы сыннан сүрінбей өттік. Бүгінде тәуелсіз Отанымыз — Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты.

Бүгін Президент Қ.Тоқаев Алматы қаласындағы Қ.Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан скверде қаңтар оқиғаларының құрбандарына арналып орнатылған «Тағзым» мемориалының ашылу рәсіміне қатысты.

«Сол күндері халқымызға зор қауіп төнді. Мемлекетіміздің тұғыры шайқала жаздады, тіпті «ел болып қаламыз ба,жоқ па» деген сұрақ туды. Бірақ, біз мызғымас бірлігіміздің арқасында қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді танытып, мықты мемлекет екендігімізді көрсеттік. Ел ішіне іріткі салғысы келетін топтарға тосқауыл қойып, жымысқы әрекеттің жолын кестік. Әсіресе, тәуелсіздігіміздің алтын бесігі — Алматы қаласы қатты зардап шекті. Қарақшылар қаланы қиратты. Күштік құрылымдарға шабуыл жасап, қару-жарақ қоймаларын тонады. Соның кесірінен жазықсыз адамдар опат болды. Қираған дүниені қалпына келтіруге болады. Бірақ, үзілген өмір қайта жалғанбайды. Мұндай оқиға ешқашан қайталанбас үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап отырмыз. Елдің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғау — бәріміздің перзенттік парызымыз. Бұл мақсат — Президент ретінде мен үшін қасиетті борыш. Тұрақтылық пен татулық болса ғана, осы міндетті ойдағыдай орындай аламыз», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жан-жақты талдаулар жасау арқылы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай жайлы, алдағы уақытта дамуымыздың негізгі бағыттары мен бағдарларын айқындап беріп отыр. Мемлекет басшысының ел тарихындағы қиын күндері шұғыл әрекет жасап, ойға қуат, күш-жігер беретін дұрыс шешімдер қабылдағанын және сол шешімдердің дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдеп келеді.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,

«Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі

БЕЙБІТ ЕЛДЕ ҒАНА БЕРЕКЕ БОЛАДЫ

Алдыңғы

ЕЛІМІЗДІҢ БІРЛІГІ МЕН БІРТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУДЫҢ КӨРІНІСІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *