АймақЖаңалықтарЭкономика

ҚАЗАҚ-ӨЗБЕК БИЗНЕС ФОРУМЫНДА 73 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫНА КЕЛІСІМШАРТ ЖАСАЛДЫ

Өзбекстанның Ташкент қаласында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен өңіраралық қазақ-өзбек бизнес-форумы өтіп жатыр. Онда 73 млн. АҚШ долларынан астам сомадағы 9 құжатқа қол қойылды. Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қос елдің 500-ден астам кәсіпкері қатысты.

Ташкент қаласында өтіп жатқан бизнес-форум шеңберінде Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша, сүт-тауар фермасын салу, полипропилен қаптарын шығару, иірілген жіп өндірісі, алма, қара өрік және табиғи шырындарды жеткізу, ет экспорты, 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында ынтымақтастықты тереңдету, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты кеңейту бойынша меморандум түзілді.

Бизнес кездесуде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды барша қатысушыларға алғысын білдіріп, бұл жиынның екіжақты қатынастарды дамытуда пайдалы алаң болатынына сенім білдірді.

– Қазақстан мен Өзбекстан қос мемлекет арасындағы тарихи тамырластық, достастық пен терең байланыстарды мақтан тұта айта аламыз. Бүгінгідей алмағайып уақытта екі мемлекет басшыларының, сондай ақ, қазақ пен өзбек халықтарының ынтымақтастығы, ауызбіршілігі экономикалық өрлеуге бастап, ілгері қарай дамуымызға үлкен серпін әкелетіні сөзсіз. Түркістан облысының әкімдігі инвестициялық жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Түркістан бүгінде еліміздің қарқынды дамып келе жатқан өңірлерінің бірі және үлкен инвестициялық және туристік әлеуетке ие. Біздің өңір – Орта Азиядағы бизнесті кеңейтудің жаңа көкжиегі. Өзара ынтымақтастықтың арқасында Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың 10 айында 366 млн.АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 172 млн. доллар және импорт – 194 млн. доллар. Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда тауар айналымы 30% — дан астам өсті. Біздің өңірде сауда, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс және басқа да салаларда өзбек капиталының қатысуымен 40-қа жуық компания жұмыс істейді,– деді Дархан Сатыбалды.

Облыс әкімі өңдеу өнеркәсібі саласында жіп, мата мен кілемдер өндірісімен тоқыма кластерінің бірлескен кәсіпорындарын құру мүмкіндігі, сондай-ақ пластикалық ойыншықтар, ыдыстар және басқа да полипропилен бұйымдары өндірісі, пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісін дамытуда үлкен әлеует барын атап өтті.

– Түркістан облысы – агроөнеркәсіптік кешен саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ел көшбасшыларының бірі. Бүгінгі таңда өңірде жеміс, көкөніс, бақша дақылдары мен ет-сүт өнімдерін терең өңдеу басым бағыт болып отыр. Біздің өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – индустриялық аймақтар және өз қатысушыларына түрлі салықтық жеңілдіктер беретін «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы. Сонымен қатар түркі тілдес мемлекеттер ұйымының қараша айындағы саммитінде Мемлекет басшыларының қатысуымен Түркістан қаласында «TURAN» арнайы экономикалық аймағын құру туралы шешім қабылданды. Арнайы экономикалық аймақтың бірегейлігі кәсіпорындардың қызмет түрлеріне шектеулердің болмауы екенін атап өткім келеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, іскер топтардың өкілдерін «TURAN» АЭА-да жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға шақырамын. Үшіншіден, туризмді дамыту өңір экономикасының басым бағыты. Мәселен, соңғы 3 жылда облыс туризміне салынған инвестиция көлемі шамамен 600 млн. АҚШ долларын құрады және жыл сайын шет елдерден туристер ағыны байқалады. Осыған байланысты, Түркістан, Самарқанд және Ферғана қалалары арасында әуе қатынасын іске қосу ұсынылады. Бұл туристік ағымды ұлғайтуға мүмкіндік береді және біздің мемлекеттерімізде зиярат ету туризмінің дамуына серпін береді. Біздің елдеріміз арасындағы шекара маңындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Бұл ретте Мемлекет басшыларының өзара мемлекеттік сапарлары және барлық деңгейдегі тұрақты байланыстар – екі елдің берік достығы мен бауырластық қатынастарының жарқын үлгісі, – деді Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысы арқылы өтетін «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарыққа шығудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Бұл ретте сауданы дамыту әлеуеті зор. Облыстан мың шақырым радиуста 70 миллионнан астам адам тұрады. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамыту тұрғысынан Өзбекстанның өңірлері Түркістан облысының маңызды және сенімді әріптестері бола алады.

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының дамуындағы қазақстан-өзбек ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, Түркістан облысы Ташкент, Ферғана, Жизақ және Сырдария облыстарымен меморандумдарға қол қойғанын атап өтті.

Жыл басынан бері Түркістан облысының Өзбекстанға негізгі экспорттық тауарлары: ІҚМ еті –57,4 млн. АҚШ доллары; бидай – 40,1 млн. АҚШ доллары; ұсақ мал еті – 18,6 млн. АҚШ доллары. Ал Өзбекстаннан жеміс-жидек пен көкөніс импортталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

НА КАЗАХСТАНСКО-УЗБЕКИСТАНСКОМ БИЗНЕС-ФОРУМЕ ЗАКЛЮЧЕНЫ КОНТРАКТЫ НА 73 $МЛН

В городе Ташкенте проходит Международный казахстанско-узбекистанский бизнес-форум с участием предпринимателей двух стран. Подписаны девять документов на более $73 млн. Более 500 предпринимателей из двух стран принимают участие во встрече, которая позволит увеличить торгово-экономическое сотрудничество братских стран.

В рамках бизнес-форума заключены меморандумы по расширению сотрудничества по развитию рыбного хозяйства в Туркестанской области, строительству молочно-товарной фермы, производству полипропиленовых мешков, производству пряжи, по поставкам яблок, слив и натуральных соков, экспорту мяса, расширению сотрудничества в рамках «Дорожной карты» на 2023-2025 годы, а также в торгово-экономической и культурно-гуманитарной сферах.

Выступая на бизнес-встрече, аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды поблагодарил всех гостей и выразил уверенность, что форум станет полезной площадкой для дальнейшего развития двусторонних отношений.

— Мы гордимся общими историческими корнями и уважительными отношениями между Казахстаном и Узбекистаном, а также глубокими связями. Сотрудничество, сплочение глав двух государств, а также народов Казахстана и Узбекистана, несомненно, принесут большой импульс нашему дальнейшему развитию, начиная с экономики. Акимат Туркестанской области готов оказать всестороннюю поддержку в реализации инвестиционных проектов. Туркестан является одним из динамично развивающихся регионов Казахстана и обладает большим инвестиционным и туристическим потенциалом. Наш регион — новый горизонт расширения бизнеса в Центральной Азии. Благодаря взаимному сотрудничеству товарооборот между Туркестанской областью и Узбекистаном за 10 месяцев текущего года составил 366 миллионов долларов США, в том числе экспорт — 172 миллиона долларов, импорт — 194 миллиона долларов. По сравнению с прошлым годом товарооборот вырос более чем на 30 процентов. В нашем регионе работают около 40 компаний с участием узбекистанского капитала в торговле, сельском хозяйстве, обрабатывающей промышленности, строительстве и других сферах. Мы нацелены на увеличение участия узбекских компаний в области. Для этого имеется высокий потенциал развития межрегиональной кооперации в трех основных направлениях, — сказал Дархан Сатыбалды.

Глава региона отметил возможность создания совместных предприятий текстильного кластера с производством пряжи, тканей и ковров, а также огромный потенциал в развитии производства пластмассовых изделий с производством пластиковых игрушек, посуды и других полипропиленовых изделий.

— Туркестанская область является одним из лидеров страны по производству сельскохозяйственной продукции. Приоритетным направлением в регионе является глубокая переработка плодоовощных, бахчевых культур и мясомолочной продукции. Основными инвестиционными площадками стали индустриальные зоны и специальная экономическая зона «Turkistan», предоставляющая своим участникам различные налоговые льготы. Кроме того, на ноябрьском саммите Организации тюркоязычных государств с участием глав государств было принято решение о создании специальной экономической зоны «Turan» в Туркестане. Ее уникальность заключается в отсутствии ограничений на виды деятельности предприятий. Пользуясь случаем, приглашаю представителей деловых кругов рассмотреть возможность реализации проектов в СЭЗ «Turan». Развитие туризма тоже приоритетное направление экономики региона. Так, за последние три года объем инвестиций в туризм составил около 600 миллионов долларов, ежегодно наблюдается приток туристов из-за рубежа. В этой связи предлагается запуск авиасообщения между городами Туркестан, Самарканд и Ферганой. Это позволит увеличить туристский поток и даст импульс развитию паломнического туризма в наших республиках. Особо следует отметить важность приграничного сотрудничества. Наше сотрудничество характеризуется конструктивным подходом и взаимопониманием в решении возникающих проблем. При этом взаимные государственные визиты глав государств и постоянные контакты на всех уровнях являются ярким примером крепкой дружбы и братских отношений двух стран, — сказал Дархан Сатыбалды.

Пролегающий через Туркестанскую область международный транспортный коридор «Западный Китай – Западная Европа», открывает новые возможности выхода на мировой рынок. При этом потенциал развития торговли велик. В радиусе тысячи километров от области проживает более 70 млн. человек. В контексте развития торгово-экономических и культурно-гуманитарных отношений регионы Узбекистана являются важными и надежными партнерами Туркестанской области.

Дархан Сатыбалды подчеркнул важность казахстанско-узбекского сотрудничества в развитии Туркестанской области и отметил, что Туркестанской областью подписаны меморандумы с Ташкентской, Ферганской, Джизакской и Сырдарьинской областями.

Пресс-служба акима Туркестанской области

__

 

CONTRACTS WORTH 73 MILLION $ WERE SIGNED AT THE KAZAKHSTAN-UZBEKISTAN BUSINESS FORUM

The International Kazakh-Uzbek Business Forum with the participation of entrepreneurs of the two countries is being held in Tashkent. Nine documents worth more than $73 million have been signed. More than 500 entrepreneurs from the two countries are taking part in the meeting, which will increase trade and economic cooperation between the fraternal countries.

Within the framework of the business forum, memoranda were signed on expanding cooperation in the development of fisheries in the Turkestan region, the construction of a dairy farm, the production of polypropylene bags, yarn production, the supply of apples, plums and natural juices, meat exports, expanding cooperation within the framework of the Roadmap for 2023-2025, as well as in trade andeconomic, cultural and humanitarian spheres.

Speaking at a business meeting, mayor of Turkestan region Darkhan Satybaldy thanked all the guests and expressed confidence that the forum will become a useful platform for further development of bilateral relations.

— We are proud of the common historical roots and respectful relations between Kazakhstan and Uzbekistan, as well as deep ties. Cooperation, unity of the heads of the two states, as well as the peoples of Kazakhstan and Uzbekistan, will undoubtedly bring a great impetus to our further development, starting with the economy. The akimat of Turkestan region is ready to provide comprehensive support in the implementation of investment projects. Turkestan is one of the dynamically developing regions of Kazakhstan and has great investment and tourism potential. Our region is a new horizon for business expansion in Central Asia. Thanks to mutual cooperation, the trade turnover between the Turkestan region and Uzbekistan for 10 months of this year amounted to 366 million US dollars, including exports — 172 million dollars, imports — 194 million dollars. Compared to last year, the trade turnover increased by more than 30 percent. About 40 companies with the participation of Uzbek capital in trade, agriculture, manufacturing, construction and other spheres operate in our region. We aim to increase the participation of Uzbek companies in the region. For this, there is a high potential for the development of interregional cooperation in three main directions,» Darkhan Satybaldy said.

The head of the region noted the possibility of creating joint ventures of a textile cluster with the production of yarn, fabrics and carpets, as well as a huge potential in the development of the production of plastic products with the production of plastic toys, tableware and other polypropylene products.

— Turkestan region is one of the country’s leaders in the production of agricultural products. The priority direction in the region is the deep processing of fruits and vegetables, melons and meat and dairy products. The main investment sites were industrial zones and the special economic zone «Turkistan», which provides its participants with various tax benefits. In addition, at the November summit of the Organization of Turkic-speaking States with the participation of the heads of state, it was decided to create a special economic zone «Turan» in Turkestan. Its uniqueness lies in the absence of restrictions on the activities of enterprises. Taking this opportunity, I invite representatives of the business community to consider the possibility of implementing projects in the SEZ «Turan». The development of tourism is also a priority area of the region’s economy. Thus, over the past three years, the volume of investments in tourism has amounted to about $ 600 million, and there is an influx of tourists from abroad every year. In this regard, it is proposed to launch an air service between the cities of Turkestan, Samarkand and Fergana. This will increase the tourist flow and give impetus to the development of pilgrimage tourism in our republics. The importance of cross-border cooperation should be particularly noted. Our cooperation is characterized by a constructive approach and mutual understanding in solving emerging problems. At the same time, mutual state visits of the heads of state and constant contacts at all levels are a vivid example of strong friendship and fraternal relations between the two countries,» Darkhan Satybaldy said.

The international transport corridor «Western China – Western Europe», which runs through the Turkestan region, opens up new opportunities to enter the world market. At the same time, the potential for trade development is great. More than 70 million people live within a radius of a thousand kilometers from the region. In the context of the development of trade, economic, cultural and humanitarian relations, the regions of Uzbekistan are important and reliable partners of the Turkestan region.

Darkhan Satybaldy stressed the importance of Kazakh-Uzbek cooperation in the development of Turkestan region and noted that the Turkestan region signed memoranda with Tashkent, Ferghana, Jizzakh and Syrdarya regions.

Press service of the akim of Turkestan region

ТҮРКІСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ФОРУМ ӨТТІ

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: «BIZ BIRGEMIZ TURKISTAN» ЖОБАСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *