Бұл саяси науқанда әркім өз құқығын пайдалана отырып, осы елдің азаматы ретінде дауыс берді. Елдегі елеулі оқиғаға тұрғындар бейжай қарамай, дауыс беруге түгелдей қатысты. Еліміз үшін тарихи күні де қалыс қалмай, әр қазақстандықтың ортақ мүддесін мақсат етіп сайлауда дауыс берді.
Сайлау талапқа сай өтті. Жұртшылық емін-еркін келіп, өз таңдауларын жасады. Бұл өз кезегінде халықтың сайлауға белсенді әрі жауапкершілікпен қатысқанын көрсетті.
Мемлекет басшысының жеңісі — бүкіл Қазақ елінің бірлік, әділдік және қуатты мемлекет құру жолындағы жеңісі.
Әлеуметтік жағдайды жақсарту, халықтың тіршілігін түзеу үшін жасалғалы тұрған игі істердің енді уақытылы жүзеге асып, орындалуын тағатсыздана күтеміз.
ШАВКАТ ЭРГАШЕВ,
МАНКЕНТ АУЫЛЫНЫҢ ТӨБЕ БИІ
Comments