ЖаңалықтарҚоғам

САЙЛАУ КҮНІ ТМД-НЫҢ 8 ЕЛІНЕН 174 БАЙҚАУШЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Сайлау күнінде ТМД-ның 8 елінен 174 байқаушы жұмыс істейді. Бұл туралы ТМД байқаушылар миссиясының төрағасы Сергей Лебедев айтты.

«Қазақстанда президент сайлауын байқау жөніндегі ТМД миссиясы жұмысын жалғастырып жатыр. Миссия төрағасы ретінде байқаудың соңғы кезеңіне басшылық жасау үшін Астанаға кеше ұшып келдім. Миссиямыз 27 қазаннан бері жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен, сайлауды дайындау және өткізуге жауапты тұлғаларымен кездестік. Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктерінде болдық. Орталық сайлау комиссиясымен, Бас прокуратурамен тығыз жұмыс істедік. Мұндай жақсы, сындарлы, күнделікті байланыс миссиямыздың байқаушылары алдында тұрған міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылданған сәттен-ақ ТМД Атқарушы комитеті де, сайлауды байқау жөніндегі жауапты адамдар да БАҚ пен Интернетте жарияланған ақпараттарды саралауға бірден кірісіп кетті», — деді Сергей Лебедев Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, миссия байқаушылары Қазақстанның сайлау өткізу заңнамасын, сайлауға қатысты Конституциялық заңнаманы, тиісті кодектерді зерделеп шыққан.

«Сайлау күнінде ТМД-ның 8 елінен 174 байқаушы жұмыс істейді. Миссия құрамында ТМД елдерінің танымал парламентарийлері, Орталық сайлау комиссияларының басшылары, қоғам қайраткерлері, ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері, ТМД Парламенттік ассамблеясының мүшелері бар», — деді ол.

ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ БАЙҚАУШЫСЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ  

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *